//

Қазақстан мен әлем елдері: ҚҚС мөлшерлемесі қандай?

1534 рет қаралды
pexels.com

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов елдегі ҚҚС мөлшерлемесін арттыру қажет екенін айтты. Яғни, Қазақстанда қосымша құн салығы мөлшерлемесін көтеру жоспарланып отыр. Алайда Үкімет әлі ҚҚС мөлшерін нақтыламады.

Үкіметтегі брифингте Серік Жұманғарин әлемдегі ең кең таралған мөлшерлеме – 20 пайыздық ҚҚС екенін алға тартты. Ал Қазақстанда – 12 пайыз. Осыған қатысты Minber.kz сарапшылар мен заңгерлердің пікірін білген болатын. Ал әлем елдерінде қосымша құн салығы қанша пайыз? Massaget.kz жазуынша, негізі қосымша құн салығының мөлшерлемесі ел мен аймаққа байланысты өзгереді.

Әлем елдерінің Қосымша құн салығының (ҚҚС) көлемі автор: Esengul Kap

Аустралия, АҚШ, Канада сияқты бірқатар елдерде сату салығы бар. Бұл екі салық салыстыруға келмейді. Тауарларды өндіру барысында ҚҚС-қа тек қосымша құн салынады, ал сату салығы тізбелі әсер етеді, айналымға салық салынады, бұрын төленген салық есепке алынбайды.

Айта кететін жайт, қосымша құн салығы – мемлекетке төленетін жанама салықтың бір түрі, ол тауарлар мен қызметтердің қосымша құнына салынады. Қарапайым тілмен айтсақ, ҚҚС тауарды немесе қызметті өндірудің әр кезеңінде, сондай-ақ оны соңғы тұтынушыға сатқан кезде төленеді. ҚҚС арқылы мемлекет бюджеттегі ақша көбейеді. Ол денсаулық сақтау, білім беру және инфрақұрылым сияқты қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыруға жұмсалады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар