//

Ақниет Әлімбай чехиялық боксшыға жол берді

2359 рет қаралды
Ақниет Әлімбай чехиялық боксшыға жол берді
Фото авторы: Нұрғали Жұмағазы

Астанадағы “Барыс Арена” мұз сарайындағы бокс кешінің екінші жекпе-жегінде қазақстандық Ақниет Әлімбай мен чехиялық Йозеф Дубски қолғап түйістірді.

Ақниет Әлімбай чехиялық боксшыға жол берді
Ақниет Әлімбай мен Йозеф Дубски

Кәсіпқой боксқа келгеніне көп бола қоймаған қос жауынгер жартылай орта салмақта кім мықтыны анықтады. Осыған дейін екі кездесу өткізіп, екеуін де жеңіспен аяқтаған Ақниет Әлімбай бұл сынның фавориті саналды. Оның үстіне өз елінде, өз жанкүйерлері алдында жұдырықтасуы да Ақниет үшін қол болды.

Ақниет Әлімбай чехиялық боксшыға жол берді
Ақниет Әлімбай

Ақниеттің қарсыласы Йозеф Дубски де жеңілгенді ар санайтын жігіт. Кәсіпқой рингте бір кездесуін нокаунтпен аяқтаған.

Ақниет Әлімбай чехиялық боксшыға жол берді
Йозеф Дубски

Жекпе-жек барысында Ақниет Әлімбай шабуылдап, әр соққысын дәл жеткізуге тырысқанымен, Йозеф Дубски оған қатаң қарымта соққыларымен жауап қайтарды. Қос боксшы да бір-біріне айтарлықтай басымдық танытпағанымен, соңғы сөзді төрешілер айтты.

Ақниет Әлімбай чехиялық боксшыға жол берді
Йозеф Дубски

Қорытындысында, төрешілердің шешімі бойынша Йозеф Дубски жеңімпаз деп танылды.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар