//

Астанадағы бокс кеші: Өзбек боксшысы жеңіске жетті

1238 рет қаралды
Астанадағы бокс кеші: Өзбек боксшысы жеңіске жетті
Фото: Instagram @otabek_kholmatov1

Астанадағы бокс кешінің төртінші жұбын өзбекстандық Отабек Холматов пен Филиппин елінің файтері Джейсон Кано Манигос құрады.

Қос тәжірибелі боксшының айқасы қызық өтті. Отабек осыған дейін 12 жекпе-жегінің 11-ін нокаутпен жеңген болса, филлипиндік 30 кездесуін жеңіспен аяқтаған әккі боксшы. Десе де, бұл айқаста өзбек боксшының шеберлігі басым болды.

Айқас басынан басым болған Отабек қарсыласын бірнеше рет сұлатты. Нәтижесінде сегізінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар