//

Төрехан Сабырханның дебюті сәтті болды

2234 рет қаралды
Төрехан Сабырханның дебюті сәтті болды
Фото авторы: Нұрғали Жұмағазы

Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссинге арасындағы бокс кешінің үшінші жұбын әуесқой бокстың жарық жұлдызы Төрехан Сабырхан мен Чехия боксшысы Йиржи Хауке құрады.

Төрехан Сабырханның дебюті сәтті болды

Кәсіпқой рингте 10 кездесу өткізіп, оның 6-ында жеңіліс тапқан Йиржи Хауке дебютантқа айтарлықтай қарсылық көрсете алмады.

Төрехан Сабырхан бұл айқаста өзінің шеберлігін толығымен көрсетті. Соғатын жерде соғып, қажет болған кезде жанкүйерге шоу сыйлай алған Төрехан қарсыласын бұйым көрмеді. Оның толассыз шабуылы үшінші раундта нәтиже берді. Енді ғана шабуылға ұмтылған қарсыласын алдымен бір сұлатып алса, раунд соңында бүйректен соғып тұрғызбай тастады.

Төрехан Сабырханның дебюті сәтті болды

“Жасым 19-да. Бізді қолдап келген әр жанкүйерге алғысымыз шексіз. Әлі әлемге қазақтың кім екенін көрсетеміз,” – деді Төрехан жекпе-жек соңында.

Төрехан Сабырханның дебюті сәтті болды

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар