/

Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді

67 рет қаралды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан ерлер ұлттық құрамасы қылыш сайысынан қола жүлдеге ие болды.

Намысты додада ел намысын қорғаған Артем Саркисян, Жанат Набиев, Назарбай Саттархан және Нұрмұхаммед Жайлыбай жарыс барысында жоғары шеберлік танытты. Отандастарымыз 1/8 финалда Иранды 45:33, ширек финалда Өзбекстанды 45:43 есебімен қапы қалдырды. Жартылай финалда Оңтүстік Кореяға 34:45 есебімен жол бергенімен, үшінші орын үшін өткен тартысты кездесуде Қытай құрамасын 45:44 есебімен, бір ұпай айырмашылығымен шаң қаптырып, құрлық біріншілігінің қола медалін қанжығасына байлады.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны үшінші жүлдемен толықты. Бұған дейін шпага сайысында Ирина Бакалдина тарихи алтын медаль жеңіп алса, Руслан Курбанов қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Айта кетейік, Нью-Делидегі Азия чемпионаты 24 маусымда өз мәресіне жетеді.

Түгелбай Бисен,

minber.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады

Фото: gov.kz Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Министр Нұржан Нұржігітов Парламент Сенатының отырысында инфрақұрылымдық