//

Маусымның 4-і мемлекеттік рәміздер күні

696 рет қаралды

Ту

Күн астында қас қыран,

Аясында қалқыған.

Аспан түстес Туым бар,

Көк теңіздей шалқыған.

 

Тағзым етіп, бас иер,

Туы елімнің егемен.

Тұтастығым куәсы

Туғандай бір енеден.

 

Елдігімді әлемге

Паш ететін байрағым,

Тұнық менің көгімдей,

Әуемде мәңгі жайнағын.

 

Елтаңба

 

  Дүние әлем көзіндей,

дөңгеленген жамалы.

Еге елімнің қорғаны –

Кереге қанат қамалы.

 

Көгілдір көктің жүзінде,

Шаңырақ – күн, уық – нұр,

Мәңгі сөнбес күйінде

Маңдайдан жұлдыз туып тұр.

 

Қуат отын қоздырған

Қос қанатты пырағым.

Қас тұғырға қондырған,

Қазақстан ұраным!

 

Тұлғасында түзілген,

Тағы қаным, діл, арым,

Төріме іліп,

Төсіме

Тағып жүрер Тұмарым!

 

Әнұран 

Қаһарман қажыр, қайратым,

Шайлықпас текті айбатым.

Арман, абырой, толғаныс,

Айтылатын ар, затым.

 

Жұртымның мұң, мұратын,

Құлқыма құйып тұратын.

Сіңірген тұла бойыма

Тәңірлік күштің қуатын.

Жан дауысы халқымның

Шабыттана шырқалар.

Киелі сөз, сазды әуен,

Шырқағанда нұр тамар.

Беріле тыңдап,

Егіле

Жанып тұрар мың жанар,

Киелі сөз, сазды әуен!

                                           Бақытбек Бәмішұлы.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,