//

Ғаламторда «Muslim.kz» арнасы

661 рет қаралды
1

 Қадірменді Алаш баласы күні кеше ғана Астана күнінде Елбасымыздың қатысуымен Елордамызда есігін айқара ашқан құтхана – «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни ақпараттар мен сараптамалық дүниелерді қазақ және орыс тілдерінде тарататын «Muslim.kz» сайты жұмыс істей бастады. Ғаламтордағы бұл жаңа арна діни публицитикалық материалдарды жариялаумен бірге имандылық иірімдеріне қатысты жанды уағыз-насихаттардың аудио және видео нұсқаларын таратумен ерекшеленбек. Сондай-ақ, діни танымды арттыру мақсатында дәстүрлі ислам пәндерінен дәріс беруді де қолға алмақшы. «Muslim.kz» сайтының рухани жетекшісі осы шаққа дейін халықтың көзайымына айналып келген «Muftiyat.kz» және «Meshet.kz» порталдары жобасының авторы белгілі ғалым Қайрат Жолдыбайұлы бауырымыз. Ендеше, жаңа сайттың ақпарат кеңістігінде айы оңынан туып, қалың бұқараның көңіл пернесін дөп басатын, жүрек тебірентер руханият арнасына айналуына тілектеспіз!

minber.kz 

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

  1. Дін мен дістүр-салт, намын-сенімді қатар насихаттаса жұртқа жағады

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,