//

Даяна Ахметвалиева: Менің шаңғымен трамплиннен секіруден тәжірбием аз

691 рет қаралды

«Сұңқар» тау-шаңғы кешенінде әйелдер арасында өткен шаңғымен трамплиннен секіруден қазақстандық Даяана Ахметвалива ең соңғы, яғни 12 орынды қанағат тұтты.

Алтын мен күміс жүлде жапон қыздары Харука Иваса мен Юка Кобаяшиге  бұйырды. Харука Иваса жалпы 212,6 м секіріп, жапондықтарға алғашқы алтын жүлдені сыйлады. Ал жерлесі Юка Кобаяши 200,2 м секірді. Қола медаль жапон қызынан 1,4 метр қалып қойған Марта Kрепелковaға бұйырды. Ол Чехияға 28- Бүкіләлемдік қысқы универсиадада алғашқы жүлдені әкелді деуге болады.

 

Даяна Ахметвалиева:  

  • Қазақстан атынан шыққан жалғыз спортшы болғандықтан менің арқамда үлкен жүк тұрғанын сездім.  Жарыс алдында өте қатты қобалжыдым, себебі менің бұл спорт түріне ауысып келгеніме көп уақыт та, тәжірибем де болмады. Дайындығымды айтудың өзі өте қиын.

 

Айта кетейік, Алматыда өтіп жатқан дүниежүзілік қысқы универсиаданың төртінші күні қазақ қоржынына жүлде түспеді. Жалпы кесте бойынша Қазақстан екінші орында келеді.

Күнту Арынбек, Универсиададан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі