/

Интерньюс “Журналист стрессті қалай жеңеді?” тренингіне шақырады

1838 рет қаралды

Қазақстандағы Internews өкілдігі MediaCAMP бағдарламасы аясында «Журналист стрессті қалай жеңеді» тренингін өткізеді. Қазақстан журналистеріне арналған тренингке тіркелу басталды.

Қазақстандық дәрігер-психотерапевт Жібек Жолдасова карантин кезінде стрессті қалай жеңуге болатыны, одан қалай арылу жөнінде кеңес береді:

  • тынығудың қарапайым әдіс-тәсілі;
  • эмоционалды күйінуден (эмоционалды қажу) қалай сақтанамыз;
  • қорқыныш-үрейді қалай жеңеміз;
  • үйде отырып, қашықтан жұмыс істеу мен үйдегі тұрмысты қалай үйлестіреміз;

Жібек Жолдасова – медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-психотерапевт, 1996 жылдан бастап дәрігер, 2001 жылдан бастап психотерапевт болып қызмет етеді. Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

Тренинг 12 маусым (жұма) күні сағат 17:00-де басталады. Zoom бағдарламасында өтеді.

Тренинг қазақ тілінде болады.

Өтініш қабылдаудың соңғы күні: 11 маусым, сағат 12:00-ге дейін.

Тренингке қатысқыңыз келсе, онлайн-өтінішті толтырыңыз.

Қандай да бір сұрақ туындаса, kz-info@internews.org эл.поштасына жазыңыз.

Бұл жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің «MediaCAMP — Орталық Азия бағдарламасы» аясында жүзеге аспақ.

www.internews.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,