Белгілі тележурналист,талантты жазушы,аудармашы Серік Әбікенұлы Сарыбаев 1972 жылы 3 қыркүйекте Талдықорған облысының Кербұлақ ауданы, Балғалы ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін бітірген. Журналист. «НТК», «31 арна» секілді телекомпанияларда Бас редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Тележурналистикадағы еңбек жолын 1998 жылы «Телефабрика» серіктестігінде бастап, «Анау-мынау», «Айтпақшы» бағдарламаларын шығаруға атсалысқан. 2000-2003 жылдар аралығында «Оңтүстік астана» телеарнасында Бас редакторлық қызметте жүріп, «Сойыл» атты тұңғыш тележобасын жарыққа шығарды. 31 арнаның» «Информбюро» жаңалықтар қызметінде 6 жыл жетекшілік етіп, осы арнада «Тарих безбені», «Тұжырым», «… кім?», «Ел сойылы» сынды жобаларды елге ұсынды. Осы күні ел аузында жүрген «Тілсақшысы», «Пікірлер пирамидасы», «Тарих таразысы», «Тағдыр мен тұлға», «Монолог», «Болмыс», «Тыңдашы, айналайын» бағдарламалары «Қазақ хандығына – 550жыл» 40 сериялы деректі циклінің және тағы басқа көптеген хабарлардың авторы.
2013 жылы «Парасат» саяси-қоғамдық журналының Бас редакторы және 2014 жылдан «Жетісу» телеарнасы директорының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
Серік Әбікенұлы “Жетісу” телеарнасының директоры болып тағайындалды

Соңғы жазбалар
“Мінбер” сайты мен OY-DETOX ресурсы жасаған өзара меморандум аясында кезекті материалымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз. Ерлер белcіздігі, тестостерон деңгейінің төмендеуі және
Ұлыбританиядағы үшінші айым да өте шықты. Бір нәрсе айта кетейін: уақыт тек Қазақстанда ғана емес, бұл
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi XIV қысқы Паралимпиада ойындары биыл наурыздың 6–сы мен 15-сі аралығында Италияның Милан және Кортина
Фото: www.pexels.com Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздегі жанармай мен электр энергиясы бағасының
Қазақстанда жылдам тамақтану желісі Burger King Kazakhstan төңірегінде қоғамдық резонанс тудырған жағдай туындады. Әлеуметтік желілерде аутизм
Елде жыл сайын 5 миллион тонна тұрмыстық қалдық шықса, оның 30 пайызы қайта өнделеді. Мұның шамамен
Фото: championat.com 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталғалы сегіз күн өтті. Қазақстан құрамасы командалық есепте 15
Фото: pexels.com Желіде соңғы күндері Kaspi Bank қолданушыларының жыл сайынғы төлемі өсетініне байланысты ақпарат тарап, қызу
Фото: www.akorda.kz Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызға жоспарланған республикалық референдум елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертуі мүмкін.
Фото: Сали Сабриов Қоғам белсендісі Николай Энелане Миша туралы бір үзік ойын жариялады. -Әділдік жоқ. Оны