//

Асқар Умаров ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалды

782 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Асқар Қуанышұлы Умаров ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Асқар Умаров 1976 жылы Алматыда туған. Тұран университетін бітірген.

1997-1998 жылдары — «Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың» әлеуметтік-экономикалық мәселелер секторының жетекші маманы.

1998-1999 жылдары — «Қазақстанның шағын бизнесі» журналында маркетинг жөніндегі маман.

2001-2005 жылдары — «Новости недели» РГ» ЖШС тілшісі.

2005-2006 жылдары — «Қазақстан» РТРК» АҚ – «Астана» ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының шеф-редакторы.

Әр жылдары жеке ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2008-2010 жылдары — «Нұр-Медиа» ЖШС директоры, бас директорының орынбасары.

2011-2013 жылдары — «Түркі академиясы» КЕАҚ вице-президенті.

2014 жылы — «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарушы директоры.

2016-2017 жылдары — қоғамдық қордың президенті.

2017-2020 жылдары — «ҚазАқпарат» ХАА ЖШС бас директоры.

2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін — «ҚазАқпарат» ХАА АҚ басқарма төрағасы.

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/hrpolitic/appointments/askar-umarov-kr-akparat-zhane-kogamdyk-damu-vice-ministri-bolyp-tagayyndaldy-1974715

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар