///

Назарбаев қазір қайда? Батыс басылымдары оның елде екенін айтады

2210 рет қаралды

Қазақстанды отыз жылдай басқарған, билік тізгінін екінші Президентке өз еркімен берсе де, түбегейлі кетіп қалмай, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде мәңгілік билікке ие болған, Нұрсұлтан Назарбаев бүгін қайда? Оның жағдайы қандай? деген сауал тек Қазақстан халқын ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Назарбаев ел алдына соңғы рет өткен жылдың 28-желтоқсанында шыққан еді.

Нақты ресми мәлімдеме болмағаннан кейін, түрлі қауесет, конспирологиялық теориялар тарай бастайтыны белгілі. Бүгін kaz.orda.kz сайты оның туған ауылы Шамалғанға 2-3 қаңтарда келіп кеткені жайында жазады. Бірақ бұл да нақтыланбаған ақпарат. Өйткені, “Назарбаевтың туған ауылына келді” дегенді айтқан шырақшы оны өзі көрмеген. Тек болжамдармен ғана сөз қозғап тұр.

Осы ретте шетелдік ақпарат құралдарының жазған мақалаларын да қарастырып олардың не жазып жатқанын да сараптап көргенді жөн деп таптық.

Ағылшындық The Guardian басылымы Назарбаев ешқайда кеткен жоқ, ол Нұр-Сұлтан қаласында, қазіргі Президент Тоқаевпен саудаласып жатыр деген болжам айтады:

“Кейбіреулер оны Женева көлінің жағасында тығылып жатыр десе, өзгелері Дубайға қашып кетті деп топшылайды. Тіпті кейбір конспирологиялық теорияларға да жол беріліп, оны бәлкім “қайтыс” болып кетуі мүмкін деген болжамдар шыға бастады. Шын мәнісінде көптеген ақпараттар оның әлі де Қазақстанда, өзінің аты берілген қала Нұр-Сұлтанда екенін айғақтайды.   “Маған жеткен сенімді ақпарат бойынша Назарбаев тірі, әрі Тоқаевпен активтер мен табысты қалай бөлісу жөнінде саудаласып жатыр”, дейді  Қазақстанмен  жақсы байланысы бар бұрын  үкімет құрамында болған батыстық шенеунік” делінген мақалада.

11 қаңтарда ресейлік “Дождь” телеарнасы Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Ермұқамет Ертісбаевқа сілтеме жасай отырып, оның Қазақстанда екендігін айтады.

Ресейлік www.gazeta.ru сайты да Әзірбайжанның Қазақстандағы елшісі Сержан Абдыкаримовке сілтеме жасай отырып, оның елде екендігін растайды. Әзірге табылған ақпараттар осы.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі