///

Еуропарламент депутаттары Еуропа Одағын Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуына назар аударуға шақырды

1060 рет қаралды
сурет: Азаттық

Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы адам құқықтарының өрескел бұзылуына орай жағдайға баға беріп, Қазақстанның шенеуніктеріне қатысты санкция кіргізуді ұсынып отыр.
Бұл туралы резолюция Еуропарламентте талқыланды. Бұл резолюция 2022  жылдың 20 қаңтарындағы пленарлық сессияда қабылданбақ. Еуропарламент резолюциясы тек ұсыныс ретінде беріледі, оны орындау шартты емес. Десе де, Еуропа елдері бұл ұсыныстарды міндетті түрде қаперіне алады.

“Еуропарламент  ЕО Кеңесін 2022  жылғы қаңтардағы наразылық шерулері кезінде адам құқықтарын өрескел бұзған  қазақстандық жоғары дәрежелі шенеуніктерге қатысты санкция салуға шақырады”, – делінген РИА Новости ria.ru. сайтында жарияланған резолюцияның жобасында.

Еуропарламент депутаттары ЕО-ты және халықаралық қауымдастықты “Қазақстан халқына қарсы жасалған қылмыстарды халықаралық зерттеуді бастауға” кеңес берді.

Атап айтқанда,  “Алматы және басқа өңірлерде адамдардың жоғалуы, азапталуы, заңсыз ұсталуы, өлтірілуі, бейбіт шерушілерді жаралау (олардың арасында кәмелет жасына толмаған балалар да бар) секілді мәселелерге назар аудару керек”.
@AQOSlive

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі