///

Алматыда 19 учаскедегі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары тоқтатылды

2066 рет қаралды
Алматыда 19 учаскедегі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары тоқтатылды
фото: Қазақ үні

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев бірқатар жер телімдеріндегі құрылыс жұмыстарын тоқтатты.
Мұнда қолданыстағы заңнама мен Мемлекет басшысының тапсырмасын бұзып жатқан заңсыз әрекеттер анықталған.

Әкімдіктің мәліметінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 29 қазандағы тапсырмасына сәйкес, қаладағы жер телімдерінде құрылыс жүргізуге тыйым бар. Ал құрылысы тоқтатылған нысандар сол талапты бұзғаны белгілі болды.

Қала әкімі Ерболат Досаев барлық мән-жай анықталғанға дейін 19 учаскеде, оның ішінде Самал-3 шағын ауданы мен Достық көшесі 125 мекен-жайындағы аумақта жүріп жатқан жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады,

— делінген әкімдік ақпаратында.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы тұрғындары бұл учаскелердегі құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне қарсылық танытып, бірнеше мәрте әкімдікке шағымданған болатын.

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар