///

Білім беру трендтері: TopIQ.kz платформасы қазақстандық оқушыларға көмектеседі

3026 рет қаралды

Қазақстанда алғаш рет  “Алматыкітап баспасы” оқушыларға ыңғайлы болуы үшін үш баспаның 86 электронды оқулығын бір платформада жинады.  TopIQ.kz платформасы 2020-2022 оқу жылында аймақтарда сынамадан сәтті өтті. Осы кезеңде платформаға 2 миллионнан аса қолданушы кірген. Бүгінгі таңда 200 мыңнан астам оқушы электронды оқулықтар арқылы жүйелі түрде білім алуда. Бұл туралы TopIQ.kz.платформасының тұсаукесерінде айтылды.

“Біздің платформада мемлекеттік білім беру бағдарламасы аясындағы бірегей интерактивті және мультимедиалық материалдар біріктірілген. Электронды оқулықтар жеке оқушымен немесе оқушылар тобымен тек сынып қабырғасында ғана емес, басқа да жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Электронды оқулық қолдануға ыңғайлы: оқушы оны экскурсияда, жолда, спорттық жиындар  кезінде қолайлы және оңай пайдалана береді. Айтпақшы,  TopIQ.kz платформасын кез-келген құрылғыда, кез-келген уақытта, ыңғайлы қарқынмен пайдалануға болады”, – деді “Алматыкітап баспасы” басшысы Элеонора Баталова.

Екі жыл бойы тәжірибе жүзінде “Алматыкітап баспасы” электронды оқулықтарымен дәріс берген көптеген мұғалім оқулықтың әртүрлі форматтары мен платформадағы материалдардың алуан түрлілігінің арқасында оқушылардың оқу үлгерімінің артқанын мәлімдеді. Өскелең ұрпақ үшін ең маңыздысы да осы ғой.

Платформаны тарих пәнінің мұғалімі, “Digital Ustaz Almaty 2021” байқауының жеңімпазы Сағынғали Қалиевтың ұсынғаны таңқаларлық жағдай емес. “Қазіргі заман мұғалімінің міндеті –  оқушыларды онша түсінікті емес және  қажет емес көп деректі  санасына құюға мәжбүрлеу емес, жаңа ақпаратты табуға және талдауға үйрету. Жаңа әдіс сандық педагогикамен тығыз байланысты. … 40 минут бойы зуммен өзің талмай сөйлеп дәріс беру және ватсап арқылы тапсырмалар жіберу сандық педагогикаға жатпайды. Сандықпедагогика – бұл интерактивті оқыту, онда оқушы жәй отырып бүкіл сабақты тыңдамайды, керісінше мұғаліммен, сыныптасымен, сандық оқулықпен, сандық технологиялармен өзара әрекеттеседі. Дәл қазір “Алматыкітап баспасы” мен олардың Pearson Education, Cambridge, Oxford University Press әріптестері осымен айналысып жатыр”, – деді презентация кезінде  оптикалық голографияны пайдаланған  Сағынғали Қалиев. Айта кетейік, Алматы қаласының әкімдігі мен “EdCrunch Academy” заманауи білім беруді дамыту институтының  ұйымдастыруымен өтетін “Digital Ustaz Almaty 2022” байқауы алдағы күндері басталады.

TopIQ электронды оқулықтар платформасы балаларға не береді? “География” оқулығының авторы, профессор Руслан Қаратабанов былай дейді: “оқытудың инклюзивті тәсілі, яғни барлық балаға оқулықтарға  тең қолжетімділік береді – тегін, барлық коммуникациялық электронды құрылғы үшін онлайн. Ештеңе жүктеудің, тіркелудің, құпиясөздерді есте сақтаудың қажеті жоқ. Бұған қоса денсаулықты сақтау – мектепте ақпараттық-коммуникативті технология саясаты мен интернет болған жағдайда оқушыларға барлық оқулықты өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ”.

Сондай-ақ, ол платформа мұғалімдердің аралас оқыту (Blended Learning) кезіндегі қажеттіліктерін өтейтінін,  яғни интерактивті оқыту әдістерін одан әрі пайдалану үшін онлайн материалдың бір бөлігін кез-келген тақырыпты бастағанға дейін зерттеуге болатынын айтты.  Платформада оқушылардың да,  мұғалімдердің де ақпараттық-коммуникативтік дағдыларын дамыту қарастырылған. Маңызды мәселе  – платформа олардың бір-бірімен кері байланыс орнатуына мүмкіндік береді. Ал  жалпы қоғам үшін бұл пандемия, ТЖ жағдайындағы қауіпсіздік.

“Көптеген елдер мұндай платформалардың өздерінде   пайда болуы үшін көп тер төгеді. Ал біздің мемлекетте бұл платформа ең жақсы түрінде әзірленді.   Иммигранттар сандық технологиялар туралы келер шақта айтқанды ұнатады. Бірақ бұл болашақ туралы емес. Бұл қазіргі кез жайлы! Қазақстан мектептерінің цифрлық мұғалімдері, бірігіңдер!”,- деп профессор Р.Қаратабанов сөзін түйіндеді

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі