//

«Түймелер» – Төлепберген Байсақаловтың режиссерлік дебюті

1199 рет қаралды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша ҰКҚМО қолдауымен шығарылатын «Түймелер» қысқаметражды фильмінің түсірілімі басталды. Бұл танымал актер Төлепберген Байсақаловтың режиссерлік дебюті.

«Ішімдікке тәуелділік мәселесін қозғайтын туынды. Менің режиссерлік дебютім. Әрине, картинаны толық көре білемін, дегенмен, техникалық тұрғыдан әлі де шындалуым керек», – дейді Байсақалов. Туындының сюжеті нақты оқиғаларға негізделген, онда әр адам бұл өмірге белгілі бір мақсатпен келеді деген маңызды ой жасырылған. Басты кейіпкер бір жағымсыз оқиғадан кейін арнайы орталыққа түседі. Ол отбасын, мансабын, бәрін жоғалтып алуы мүмкін… Актер Бауыржан Әділхан үшін бұл да басты рөлді орындаушы ретіндегі дебют. Бұған дейін ол Айжан Қасымбектің «От», Абдель Фифтибаевтың «Пацаны», Аружан Досымқожаның «Бремя, которое мы несем» және т.б. фильмдерде эпизодтық рөлдерді ойнаған. Фильмнің түсірілімі бір апта бойы Алматыда өтеді. Авторлар оны биыл аяқтауды және кинофестивальдерге ұсынуды жоспарлап отыр.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі