//

Алтайда атыс болып, адам өлді

1268 рет қаралды
Алтайда атыс болып, адам өлді

ШҚО полицейлері облыс орталығында адам өлтірген ер адамды ұстады. Бұл туралы Altaynews.kz порталы хабарлайды. Кеше, 13 қаңтарда сағат 13:00 дер шамасында полиция бөлімінің дабыл қоңырауы “102” арнасына түсті. Қоңырау шалған адам Қазақстан көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында жараланған ер адам жатқанын хабарлаған. Полиция келген кезде оқиға орнында ер адамның мәйіті табылды. Ер адамның оқ жарақатынан қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл факт бойынша  патрульдік полиция 10 минут ішінде күдіктіні ұстады.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі ҚР ҚК 99 кісі өлтіру бабы бойыша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.
“Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды” деп жазды ШҚО полиция басқармасы. Атқан жігіт 1997 жылғы ер адам. Оқиға орнында қайтыс болған ер адам 1990 жылы туған.
Дереккөз: @altaynewskz

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар