Фото: news.pianos.kz
Оның даусы жеңіске жетеледі. Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, соғыс жылдарында майдан даласында өнер көрсеткен жалғыз қазақ қызы — Роза Бағланова.
1941 жылдан 1945 жылға дейін барлық майдан шебінде концерт қойған.
Ұлы Отан соғысы кезінде Роза Бағланова сарбаздардың рухын көтеріп қана қоймай, жаралы жауынгерлерге көмектесіп, ерлік көрсеткен.
Екі мәрте «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі берілген.
Әншіге маршал Рокоссовский медаль табыстаған.
Әншінің майдандағы репертуарында 20 тілде орындалған 500-ге жуық ән болса, мыңнан астам әскери концертке қатысқан.
Роза Бағланованың бағын ашқан ән — Лидия Русланованың репертуарындағы «Ах, Самара-городок».
Бұл әнді Роза жас кезінде орындап, өзі үлгі тұтқан Русланованың жоғары бағасын алған.
1945 жылғы 9 мамырда Берлиндегі Жеңіс концертінде өнер көрсетті.
Роза Бағланова — «Халық Қаһарманы» атағын алған жалғыз әртіс.
Парақшамызға жазылыңыз