//

Ақын Темірхан Медетбекпен қоштасу рәсімі Жазушылар одағында өтеді

95 рет қаралды

Фото: facebook.com
Ақынның қазасы туралы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов Facebook парақшасында жазба қалдырды.

– Қазақ поэзиясына құбылыс болып келген, ұлттың асқақ рухты ұлы ақыны Темірхан Медетбек дүниеден өтті.

Қаршадайымнан өлеңдерін оқып, қасына ерген асыл ағам, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Темірхан Медетбектің дүниеден озғанын қазір ғана Шолпан жеңгем хабарлады.
Соңғы аптада Темірхан ағамыздың ауыр халде ауруханаға түсуіне байланысты отбасымен, дәрігерлермен Жазушылар одағының басшылары үнемі хабарласып тұрды.
Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасы Мереке Құлкенов екеуіміз 2 күн бұрын барғанда жансақтау бөліміне кіргізбеген соң, мен: «Аға, біз келіп тұрмыз, жаныңыздамыз» деп хат жазып, қалдырып кетіп едім.
Бүгін Төраға Мереке Құлкенов, оның кеңесшісі Әміржан Қосанов және белгілі кәсіпкер Қанат Сәнік төртеуіміз Алматыдағы Совмин ауруханасының ағамыз жатқан жансақтау бөліміне кезекпен кіріп, үнсіз бақұлдасып, қоштасып шыққан едік.
Иә, өткенде ғана ағамыздың 80 жасын дүркіретіп Алматыда тойлаған едік. 81 қараған шағында өмірден өтті. Қазір ғана Германиядан Серік Тәукебаев, Алматыдан Қанат Әшірбекұлы Сығай інілері хабарласты.
Аламанда алдына жан салмай шапқан дауылпаз ақынның дүниеден өтуіне орай бүкіл қазақ халқына, оның оқырмандарына қатты қайғырып, көңіл айтамын, – делінген жазбада.

Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Темірхан Медетбекпен қоштасу рәсімі Қазақстан Жазушылар одағында өтеді.

Қонақасы 11 мамыр сағат: 18:00-де Қыран көшесі, 9 «Baqsaray» (Шаляпин көшесінің қиылысы) мейрамханасында беріледі.

Жаназасы 12 мамыр сағат: 10:00-де Әдебиетшілер үйінде өтеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар