Фото: pixabay.com
Күдіктінің екі жер телімі, сауда үйі, сауна және «Exeed LX» маркалы автокөлігіне қатысты сот санкция шығарып, жалпы құны 198 миллион теңге болатын мүлікті пайдалануға шектеу қойған.
Қаржы мониториңі агенттігінің хабарлауынша, несиелік серіктестік басшысына қатысты 150,7 миллион теңге көлеміндегі субсидияны жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталған.
Күдікті «Агробизнес» несиелеу бағдарламасы аясында бақылауындағы шаруа қожалығының атына заңсыз түрде 126,7 миллион теңге жеңілдетілген несие рәсімдеген.
Қаражатқа ірі қара мал сатып алынбаған. Шаруа қожалығының шотынан қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Сонымен қатар мал шаруашылығының ақпараттық жүйесі базасына жалған ақпарат енгізіп, 2017–2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде бөлінген 24 миллион теңге көлеміндегі субсидияны заңсыз алған.
Субсидияны заңды түрде алынды деп көрсету мақсатында «ол басқа шаруа қожалықтарынан асыл тұқымды сиыр сатып алды» деген жалған құжаттарды тапсырған.
Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдікті жер телімдерін сатып алып, олардың бірінде сауна мен сауда үйін салған.
Күдікті қамауға алынды.
Динара Насыр
Парақшамызға жазылыңыз