Вьетнамның Вунгтау қаласында басталған 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы Азия чемпионаты қыза түсті.
Кеше әйелдер және еркін күрес шеберлері кезекті жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Нәтижесінде 70 келіге дейінгі палуандар арасында бақ сынаған Маис Алиев алтын жүлде иегері атанды.
Одан бөлек 97 келіде белдескен
Нұрдәулет Бекенов күміс, 53 келідегі Зейнеп Баянова мен 62 келіде боз кілемге шыққан Тыныс Дүбек сары құрлық додасының қола жүлдесіне қол жеткізді.
Түгелбай Бисен
Фото: UWW
Парақшамызға жазылыңыз