Ата қазақ және алғашқы бастама

584 рет қаралды

 

Кеше, (25.05.2011ж), Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайында Біздің 2005 жылы, Дүниежүзі қазақтарының ІІІ  Құрылтайы қарсаңында ел аралық «Көш» газеті арқылы паш етіп, құрылтай кезінде делегаттарға таратылған «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Ата қазақ» деп атау туралы ақ жарма сөз, игі бастамамыз биік мінбеден айтылды. Бұл бастама, кезінде Президент аппаратына да жолданып, «Ақ орда», «Масаған» сайттарында, «Мінбер» ұлттық интернет газетінде жарияланып қалың оқырман қауымнан қолдау да тапқан еді. Құрылтайға қатысушылардың қызу қолдағаны, олардың дүркірете қол соғуынан байқалады. Игіліктің ерте кеші жоқ. Содан бері алты жыл өтсе де, әйтеуір, Ұлы Жиынның құлағына жеткені бізді қуантады!  Сол бастаманы бүгін Сіздердің назарларыңызға қайталап ұсынып отырмыз!

АТА ҚАЗАҚ

Сарыарқаның
маңдайлым, даласындай,
Парасатың Фараби санасындай.
Жомарттығың Жетісу саласындай,
Ақыл-ойың – дария,
Ал құшағың,
Атырау мен Алтайдың арасындай!

Қос қапталдан қусырған құлама шың –
Тас қапастан құтқарған Ұлы Анасын,
Арыстаным айбарлы,
Данышпаным,
Ғалымдардың ұстазы – Ғұламасың!

Көк байрағым – қанатың
Самғағаның,
Көктен жаңа түскендей таңғаламын.
Темірқазық жұлдызым аспандағы,
Абылайым,
Жердегі таңдағаным!

Тау суындай қуатың арқыраған,
Тас алмастай қайратың жарқыраған.
Үш жүз емес,
Жүз жұрттың басын қостың,
Қасың көріп,
Қараңнан қалтыраған.


Нұрлы жолың барады тартып тыңға,
Шар болатым, шыныққан алтын тұнба.
Бүгін сенген ел-жұртың, сенеді ертең,
Сенен дана
Табылмас артық Тұлға!


Ақиқатқа айналды бастамаңыз,
Көрегендік куәсі –
Бас қаламыз.
Дүниенің жар салам Қазағына,
“Аталсын,- деп НҰРСҰЛТАН Астанамыз!!!”


…Алған ұлың Құдайдан Бата қазақ,
Ұмытылмас мына күн – Дата Қазақ.
Аспандатқан ғарышқа Алашымды,
Елтұтқасы Нұрсұлтан –
АТА ҚАЗАҚ!!!


Арғымағы,
Жиналған
Құлын-тайы,
Жалғыз тілек, айтпағы –
Бұйымтайы:
“Бір ауызбыз, Біргеміз, Нұр-Ағамен”
Жер жаһанның Қазағы ҚҰРЫЛТАЙЫ.
Ыстық ықыласпен,
Бақытбек Бәм
ішұлы

 

Алматы, 2005 жыл, қыркүйек

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі