Фото: instagram
2023 жылдың 11 шілдесінде журналист Гүлбану Абенова facebook-тағы парақшасында жазба қалдырған. Блогердің шалқыған өмірін көріп, журналистің көкейінде дәл сол сәтте күман туған. Ол кезде Перизат Қайрат Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің кеңесшісі қызметінде болған.
– Міндетті түрде «ҚазМұнайГаз» басшының әйелі болу қажет емес. Бір апта ішінде қызы анасын үш бөлмелі пәтер сыйлап қуантса, ертеңіне анасы қызын еркелетіп джип сыйлады. «Оңай» келген ақша секілді… – делінген жазбада. (қысқа үзінді)
– Іс-қозғалғанға дейін, екі жыл бұрын «бір апта ішінде анасы қызына элита пәтер сыйлап, ал қызы анасына қымбат көлік сыйлағанын» жазған едім. Күмән тудырмай ма? Бұл – мұқтаж жандарға көмек ретінде жиналған қаражат екен, – дейді журналист.
Журналистің хабарлауынша, олар нақты бір бизнеспен де айналыспаған.
– Ол өз парақшасында «Ет өнімдерін араб елдеріне экспорттап жатырмыз» деп жазған. Қызығып, жай ғана Қазақстаннан басқа елдерге ет экспорттау процесін google-ден қарадым. Қиындығы көп екен, талаптары өте қатал, құжат, рұқсат, логистика – бәрі бас қатырады. Ондайды шағын жеке кәсіп түгілі, ірі ет комбинаттарының өзі әрең игереді. Сондықтан мен бірден «бұл– өтірік» деген қорытынды жасадым! – дейді Гүлбану Абенова.
Журналист Перизаттың Ұлыбританияда оқығанына да күманмен қараған.
– Біліміне келер болсақ, ол көрсеткен Ұлыбританиядағы университетті тәмамдаған бір оқырманымнан сұрап көрдім. Оның айтуынша, аталған университетте оқу оңай емес, білімге, ойлау қабілетіне қойылатын талап өте жоғары. Содан кейін ғана ашығын айтқанда, интеллектісі ерекшеленбейтін инстаблогердің ондай білімді меңгере алғанына күмәнім туды. Англиядағы әріптесімнің көмегімен сол университетке ресми сұрау жолдадық. Нәтижесінде не Қайрат, не Қасенғалиева тегі бар студенттер, тіпті түлектер тізімінде жоқ болып шықты.
– Бірақ мен сол кездегі Ақпарат министрінен Перизат Қайратты қандай негізде кеңесші етіп алғанын сұрамай қала алмадым. Ашық сұрадым. Ол сізге не жөнінде кеңес бере алады? Ол ешқашан бұқаралық ақпарат құралдарында да, PR саласында да жұмыс істемеген. Сіз мені неге кеңесші етіп алмайсыз? Менің уақытында алған сапалы білімім бар, ұлттық компанияда, ақпарат пен PR саласында біраз тәжірибем бар, – деген едім.
Оған министрліктен: Перизат Қ. оларда кеңесші ретінде жұмыс істемейтінідігі туралы жауап келген.
– Сөйтіп, тез арада одан құтылды, – дейді журналист.
Алайда тергеу барысында оның кеңесші болып тағайындалғаны туралы бұйрық бары анықталған.
– «2023 жылғы 17 мамырдағы №59-ж бұйрығы – Қайрат П. кеңесші лауазымына тағайындалсын» деген. Кейін бұл бұйрық күшін жойды. Яғни мен пост жазған кезде ол небәрі 9-сыныптық білімімен министрлікте үш ай бойы ресми түрде кеңесші қызметінде болған. Демек, сол кездегі министр тоғыз сыныпты ғана бітірген қызды өзіне кеңесші етіп тағайындау туралы бұйрыққа қол қойған. Бұл – факт! – делінген жазбада.
Ertenmedia. Перизат Қайрат министрдің кеңесшісі қызметіне тағайындалу үшін диплом мәселесін «замутить» етуге талпынғанын жазған. Бұл туралы бүгін сотта белгілі болған.
Парақшамызға жазылыңыз– Хикая 2023 жылы басталған. Перизат Кайрат досы Толғанай Боранқұлмен сөйлесіп отырып, Қазақстан дипломын «таныс-тамыр арқылы жасап алу» мүмкіндігін сұраған.
Боранқұлдың айтуынша, Перизат ол кезде министр көмекшісі болып жұмысқа тұруды көздеп, соған диплом қажет екенін меңзеген көрінеді.
Сот барысында Перизат дипломды қолдан жасау емес, шетелдік оқу орнында алған құжатын Қазақстанда заңдастырмақ болғанын айтып ақталды.
Толғанай Боранқұл құрбысының сөзін қостап: «Мен де шетелде оқыдым. Қазақстанда шетелдік дипломды заңдастыру қажет екенін жақсы білемін. Өзім де сол процестен өткенмін. Перизат сол процедураны сұраған. Өкінішке қарай, бұл әңгіме жазбаша диалогта жоқ», – деді.
Д.Насыр,
minber.kz