Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында каратеден бірінші жарыс күні ел қоржынына медаль түсті.
Ең жеңіл 50 келі салмақта бақ сынаған әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай күміс алқа иеленді. 4 жылда бір өтетін айтулы доданың финалына дейін жеткен жерлесіміз ақтық сында Иран спортшысы Сара Бахманиерге жол берді.
Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталғанымен, төрешілер нәтижелі әрекеті үшін, жеңісті қарсыласқа берді.
Финалға дейін Мөлдір 21 жасқа дейінгі каратэшілер арасындағы әлем чемпионы Силия Уикенді 4:0, 2022 жылғы Дүниежүзілік ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері Йоргелис Салазарды 3:0, Жунхуй Вангты 0:1 есебімен жеңді.
Ал жартылай финалда екі дүркін Еуропа чемпионы Ема Сгарделли 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетейік бұл Дүниежүзілік ойындарыда Қазақстан тарихындағы екінші медаль.
Бұған дейін 2022 жылы АҚШ-тың Алабама штатының Бирмингем қаласында Софья Берульцева топ жарған еді.
Түгелбай Бисен,
Фото спортты дамыту дирекциясынан
Парақшамызға жазылыңыз