//

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша бөлінген қыруар қаржы «ысырап» болған  

88 рет қаралды

Фото: minber.kz

Қаржы министрлігі «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша мемлекет қаражатын жымқыру фактілерін анықтаған. Бұл туралы Үкімет отырсында айтылды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2 мыңға жуық қарыз алушы 13 миллиард теңге несиесін ауыл шаруашылығын дамытуға қатысы жоқ мақсатқа жұмсаған. Мемлекет қаражаты сұлулық салондарын, сауналар мен мейрамханалар, дүкендер ашуға жұмсалған. Бұл туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев хабарлады.

Көлеңкелі экономикамен күрес жөніндегі өзінің баяндамасында бюджет қаражатын пайдалануға жүйелі түрде жүргізілетін мониториң туралы айтты. Қаржыны мақсатсыз жұмсау деректері әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметінде де анықталған.

«Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мемлекеттік қолдауды баю құралына айналдырып отыр, олар алған несиелерін пайыз түрінде кіріс алу үшін банктерге депозит етіп салады. Мұндай деректер Түркістан облысында 2 млрд теңгеге, Абай облысында 152 млн теңгеге анықталды», — деді министр.

Шағын және орта бизнес секторында салықтарды барынша азайту және төлеуден жалтару әрекеттері көп. Мысал үшін, бір заңды мекенжай бойынша бірнеше компанияны тіркеу белең алған. Деректерге сәйкес, тек 3,5 мың мекенжайда 20 мыңға жуық компания тіркелген, олардың салықтар бойынша берешегі 60,4 млрд теңге.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар