Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi
Естеріңізде болса, бұған дейін мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында олимпиадалық нормативті орындап, екі жолдама жеңіп алды.
Сонымен қатар отандық шорт-трекшілер ел қоржынына тағы 9 жолдама салды. Бапкерлер штабының шешімімен Миланда Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан бақ сынайды.
Ал жаңа лицензияларды конькимен жүгіруде 14 қараша мен 14 желтоқсан аралығында АҚШ, Канада, Нидерланд және Норвегияда өткен Әлем кубогі кезеңдерінде сәтті өнер көрсеткен Қазақстан құрамасы жеңіп алды.
Лицензия иегерлерінің есімдерін және спортшылар санын ұлттық құраманың бас бапкері шешеді.
Болжам бойынша, 2026 жылғы қысқы Олимпиадада ел намысын 5 коньки киіп жүргіруші қорғайды.
Осылайша қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың үш түрінен 23 лицензия бар.
Олимпиадаға арналған нақты лицензия саны 2026 жылғы қаңтар айының соңында белгілі болады.
XXV қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан күндері Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден астам спортшы қатысады.
Қазіргі таңда Ерлер:
500 метр – 1 лицензия
Әйелдер:
500 метр – 2 лицензия
1000 метр – 2 лицензия
1500 метр – 2 лицензия
3000 метр – 2 лицензия
5000 метр – 1 лицензия
Масс-старт – 1 лицензия
Командалық жарыс – 1 лицензия иеленді.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз
