/

Күйеуі миллион, жұбайы миллиард тапқан: шенеуніктер кірісінің тізімі жарияланды

300 рет қаралды

Фото: t.me/almaty_akimat

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Досаевтың 2024 жылғы табыс декларациясы жарияланды. Ресми мәліметке сәйкес, экс-әкімнің бір жылдық табысы 14 млн теңгені құраса, оның жұбайы Гүлнар Досаева 2,3 млрд теңге кіріс алған.

дереккөз: gov.kz

Ақорда сайтындағы деректер шенеуніктердің әйелдері мемлекеттік қызметтегі күйеулерінен әлдеқайда көп табыс табатынын көрсетіп отыр.

Биылғы декларация мәліметі бойынша, Ақорданың бірнеше шенеунігі өткен жылы табыссыз қалған. Атап айтқанда:

Ғизат Нұрдәулетов (Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы): өз табысын көрсетпеген, жұбайы – 24,9 млн теңге.

дереккөз: www.akorda.kz

Қуанышбек Есекеев (Президент көмекшісі):өз табысын көрсетпеген, жұбайы М. Бектұрғанова – 48 млиион теңге.

дереккөз: www.akorda.kz

Алексей Цой (Президент кеңесшісі): өз табысын көрсетпеген, жұбайы Ж. Цой – 1 млн теңге.

дереккөз:www.akorda.kz

Батыржан Байжұманов (Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы): өз табысын көрсетпеген, жұбайы – 2,6 млн теңге.

дереккөз: www.facebook.com

2025 жылдың соңынан бастап енгізілген жаңа жүйе лауазымды тұлғалардың декларация жариялау тәртібін өзгертті.

Осыған дейін шенеуніктер Қазақстандағы және шетелдегі мүлікті сатып алу мен сату туралы мәліметтерді, шетелдік банктердегі шоттар туралы деректерді және мүлікке қатысты өзге де ақпаратты жариялауға міндетті болатын. Енді көпшілікке тек салыққа жататын табыстың жалпы мөлшері ғана қолжетімді болады.

Дереккөз: Orda.kz

Парақшамызға жазылыңыз

Зарина Мардан

Журналист

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

АФК «Қайрат» есе жіберді

Чемпиондар лигасының ширек финалында «Қайрат» өз алаңында есе жіберді. UEFA Чемпиондар лигасының 1/4 финалының алғашқы матчында