//

Оралда жас футболшылар арасында фестиваль өтті

314 рет қаралды

Оралда жас футболшыларға арналған «Жаңа жыл кап» футбол фестивалі ұйымдастырылды. Шараның бастамашысы оралдық жас бапкер, «Ақжайық жас» футбол мектебінің негізін қалаушы әрі «Даму лига» балалар футбол лигасының ұйымдастырушысы Абзал Өтешев.
Әбдірахман Әйтиев атындағы спортзалда өткен фестивальге 2015–2016 және 2017 жылы туған жас аяқдопшылар қатысты.

Жарысқа Ақтау, Ақтөбе қалаларынан, Ақтөбе облысының Қобда ауданынан, сондай-ақ Орал қаласы мен Жәнібек ауданынан келген командалар жиналды.


Бірнеше күнге созылған доп додасы тартысты әрі қызықты өтті. Фестивальдің басты мақсаты балалардың жаңажылдық демалыстан кейін оқу мен спортқа деген қызығушылығын арттыру.
– Балалар демалыстан соң сабақтарына көтеріңкі көңіл-күймен барсын деген ниетпен осы фестивальді өткіздік. Қолдау білдірген ақтаулық және ақтөбелік әріптестеріме алғыс айтамын. Алдағы уақытта балалар футболын дамытуға бағытталған мұндай шаралар жалғасады, – деді Абзал Өтешев.

Үш күнге созылған жарыстың жабылу салтанатына жас футболшылардың кумирлері «Бәйтерек» футзал клубының ойыншылары Әскер Наурызбаев пен Әлішер Нурин, Ілия Бөлекбаев және футбол блогері Мұса Көнев қатысып, үздік ойыншылар мен жеңімпаздарды марапаттады.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

АФК «Қайрат» есе жіберді

Чемпиондар лигасының ширек финалында «Қайрат» өз алаңында есе жіберді. UEFA Чемпиондар лигасының 1/4 финалының алғашқы матчында