///

Телекоммуникация тақырыбын медиалар қалай жазып жүр? Үш қалада тренинг қалай өтті?

Start

2025 жылды “Мінбер” журналистерді қолдау орталығы дәстүрге айналған тренингпен қорытындылады. Тренинг Шымкент, Ақтау, Алматы қалаларының жергілікті журналистеріне арналды. “Телекоммуникация тақырыбын жазуда ЖИ құралдары журналистерге қалай көмектеседі?” тақырыбында ұйымдастырылған тренинг үш қалада қалай өтті, шолу жасайық.

Телекоммуникация тақырыбын қалай жазамыз? Жасанды интеллект журналистерге қалай көмектеседі?

Үш қалада үш тренер бір күнде телекоммуникация тақырыбын жазу кезінде жасанды интеллект құралдарын пайдалану жайлы теориялық мен практикалық сабақтарды өткізді. Әр спикерге 40 минут берілді. Тренингті әдеттегідей жоба жетекшісі, медиатренер, SDU ассистент профессоры, “Minber” қоғамдық қорының жетекшісі, Есенгүл Кәпқызы телекоммуникация тақырыбында жазып жүрген медиалардың жіберетін этикалық қателіктері жайлы дәріс өтті.

“Тренингтің негізгі мақсаты — журналистерге телекоммуникация тақырыбын жазу кезінде жасанды интеллект құралдарын пайдаланып, ақпарат тарату жайлы дәріс өту. Журналистің міндеті — тек телеком компанияларына жарнама жасаушы немесе олардың іс-әрекетін сынаушы ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық сақшы және білім беруші”,- дейді Есенгүл Кәпқызы.

Есенгүл Кәпқызының дәрісінде қатысушылар медиаларда кең тараған телекоммуникация тақырыбында жарияланған мақалаларды талдаса, тренер Баубек Сағындықтың дәрісінде визуал ақпарат бойынша сақталмайтын этика мәселелері талқыланды. Баубек Сағындықтың сөзінше, жариялаған материалыңызға пайдаланған суретіңіздің этикалық мәселесіне сақ болып, дереккөзі мен сілтемесі көрсетілуі керек.

Сондай-ақ тренер Баубектің дәрісінде қатысушылар жасанды интеллект көмегімен әлеуметтік желіге арналған рилс жасап көріп, тәжірибе алмасты. Тренингтің соңында жасаған жұмыстарының нәтижесі бойынша марапатталып, демеушілерден сыйлық тарту етілді.

Тренинг барысында “Мінбержан” атты gem-боты таныстырылды. Бұл gem-боты арқылы медиа мамандары өз материалын тексере алады әрі тапсырма беріп, контент сценарийін жаздырса болады. “Мінбержан” gem-ботының авторы Коммуникация магистрі, медиаэксперт, SDU University Журналистика мектебінің аға оқытушысы Асхат Еркімбай. Тренинг барысында тренер Асхат осы жобаны таныстырды. Қатысушылар gem-ботын пайдаланып, тапсырма орындап көрді. Тренер бұдан бөлек аудионы мәтінге айналдыратын бірнеше жасанды интеллект құралдарымен таныстырды.

Тренингтің демеушілері кім?

2025 жылы үш қалада ұйымдастырылған тренингке Kcell, Activ және Ericsson компаниялары қолдау көрсетті. Тренинг барысында Kcell компаниясының өкілі Радиофобия тақырыбында презентация дайындап, қатысушылардың сауалдарына жауап берді. 

Ericsson компаниясының өкілі компания жайлы толық ақпарат беріп, таныстырды. Сонымен қатар жасанды интеллекттің нарықтағы қолданысы жайлы сөз етті.

Алматыда қаласында өткен тренинг Kcell компаниясының бас кеңсесінде ұйымдастырылды. Алматылық қатысушыларға Kcell өкілі, электромагниттік өрістің таралуын арнайы құрылғымен микротолқынды пеш арқылы сынап көрсетті.

Kcell компаниясының өкілі

Ұялы байланыс және жасанды интеллект

Демеушілер, Kcell және Ericsson компаниялары “телекоммуникация және жасанды интеллект” атты кітапша шығарды. Кітапшаға журналистің міндеттері, ЖИ құралдары және оны пайдалану эткасы жайлы тарауларды Мінбер журналистерді қолдау орталығының тренерлерімен ақылдаса отырып, кіріктірді. Саны шектеулі бұл кітапша тренинг қатысушыларына табысталды.

Қатысушылар үшін тренинг қалай өтті?

Ақжарқын Қыдырханова. Алматы қаласында өткен тренингтің қатысушысы.

“Мінбер қорының ұйымдастырған тренингі жоғары деңгейде өтті. Біз күткеннен де көп ақпарат алдық. Әсіресе, ЖИ құралдарына, мүмкіндіктеріне қатысты жайлы көбірек білдік. Осыған дейін тек мәтінмен жұмыс істесек, бүгін өз бетімізше видео жасап та көрдік. Аудионы мәтінге айналдыруды білдім. Алдағы уақытта өз тәжірибемізде қолдана аламыз деп сенемін”.

Әмина Уалиханқызы. Шымкентте өткен тренингтің қатысушысы.

“Тренинг жоғары деңгейде өтті. Уақыттың тығыздығы болмаса ақпарат түсінікті болып жатыр. Маған NotebookLM деген ЖИ құралымен жұмыс істеу ұнап қалды. Алдағы уақытта осы үйренген әдістерімді жұмысымда қолданамын деп сенемін, пайдалы болды. Журналистерге мұндай тренинг қажет”.

Махаббат Нұржанқызы. Ақтау қаласында өткен тренингтің қатысушысы.

“Тренингтен мобильді байланыс, радио толқындары туралы ақпарат алдық. Kcell, Ericsson компания өкілдерінің де айтары бар екен. Журналистер тарапынан қойылған сауалдарға да жауап берді. Осындай еркін форматта өткен тренинг болды мен үшін”.

Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университеті, журналистика мектебінің 2024 жылғы түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушы. Minber.kz сайтының авторы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Ту — тек мата емес, тағдыр

Фото: sports24.kz Өткен аптада ел журналистері мен әлеуметтік желідегі белсенділер Италияда өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстанның

Олимпиадаға бір ай қалды

Фото: t.me/olympickz Италияның Милан және Кортина д’Ампеццода өтетін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының басталуына тура бір