//

Қысқы Олимпиада: сегіз күннің нәтижесі қандай?

65 рет қаралды

Фото: championat.com

2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталғалы сегіз күн өтті. Қазақстан құрамасы командалық есепте 15 орын тұрақтады. Біздің команды бұл орынды Ұлыбритания және Бразилиямен бөлісіп тұр.

Иә, иә, шалыс естіген жоқсыз. Бразилия алтын медаль жеңіп алды. Бұл Оңтүстік Америка құрлығының қысқы Олимпиада тарихында жеңіп алғашқы алтын медаль.

Көш басында Норвегия, екінші орында Италия. Бірақ Норвегия олардан 4 алтын медальға ұзап кетті.

АҚШ спортшылары үшінші орында, олардың Италиядан 1 алтын медалі кем.
Аустрия, Франция, Германия, Нидерланд, Швеция және Швейцария еншісінде 4 алтын медаль бар.

Медаль иеленген елдердің қатарына Бразилия қосылған соң жүлде алған елдер саны 25-ке жетті.

Биылғы Олимпиадада жоспарланған 116 жарыстың 59-ы өтті.
Ал осы сегіз жарыс күнінен кейінгі үздік нәтиже көрсеткен қазақстандық спортшылардың көшін Михаил Шайдоров (мәнерлеп сырғанау) І орын бастап тұр.
Одан бөлек Надежда Морозова (коньки, 3000 метр) 6-орын, Анастасия Городко (фристайл) 8-орын, Илья Мизерных (шаңғымен тұғырдан секіру) 8-орын, Евгений Кошкин (коньки, 500 метр) 9-орын, Елизавета Голубева (коньки, 3000 метр) 10-орын иеленді.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар