/

Зейнеп пен Лаура Тирана төрінде топ жарды

63 рет қаралды

Фотолар: https://t.me/drsqazaqstan

Албания астанасы Тирана қаласындағы рейтингтік турнирде Қазақстан әйелдер құрамасының қос бірдей өкілі алтыннан алқа тақты.

50 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Зейнеп Баянова жарыс жолында жоғары деңгейдегі шеберлігін паш етті. Ол іріктеу кезеңінде АҚШ пен Жапония спортшыларын айқын басымдықпен ұтып, жартылай финалда үндістандық балуанды қапы қалдырды. Ал шешуші белдесуде Үндістан өкілі Приянши Праджапатты 13:2 есебімен сенімді жеңіп, турнир чемпионы атанды.

55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Лаура Алмағанбетова да жарысты жарқын жеңіспен түйіндеді. Алғашқы айналымда үндістандық қарсыласын, одан кейін Германия өкілі Анастасия Блейвасты ұтып, финалда Украина спортшысы Лиллия Маланчукпен тартысты белдесу өткізді. Нәтижесінде 3:2 есебімен басым түсіп, алтын медальді иеленді.

Осылайша Тиранадағы дүбірлі додада Қазақстан құрамасының қоржынына екі бірдей алтын медаль түсті. Бұл – отандық әйелдер күресінің қарқыны мен әлеуетін айқын көрсеткен маңызды жетістік.

Одан бөлек осы жарыста бақ сынаған Болат Сақаев (86кг), Азамат Дәулетбеков (92кг)пен Ризабек Айтмұқан (97 кг) сынды палуандар қола жүлдегер атанды.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар