//

Италияға саяхат пен қымбат техника: Астанадағы емхана басшылығы 675 млн теңгені жымқырған

81 рет қаралды

Сурет: istockphoto.com

 

Астана қаласының прокуратурасы қалалық емханалардың бірінде мемлекеттік бюджет қаражатын жымқыруға қатысты ірі схеманы әшкереледі. Қазіргі таңда жымқырылған қаражаттың жалпы көлемі 675 млн теңгеден асқан.

Тексеріс барысында медициналық ұйымның бұрынғы жетекші құрамы ұзақ уақыт бойы азаматтарды емдеуге арналған қаражатты заңсыз шығарып отырғаны анықталған болатын. Күдіктілер қаржыны жақын туыстары мен үлестес тұлғалардың шоттарына аударып, оны заңды қаржылық операциялар ретінде бүркемелеген.

Прокуратураның деректеріне сәйкес, жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алу, сондай-ақ Италия еліне туристік сапарларды қаржыландыру мақсатында жұмсалған. Аталған деректер бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі(аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастады.

                                                                                                   Әсем Тугилова

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар