Фото: istockphotо.com
Алматы қаласы мен облысында электр энергиясы үшін берешек көлемі 37,8 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өңірдегі электрмен жабдықтау тұрақтылығына әсер етуі ықтимал.
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның «Энергосбыт» филиалының мәліметінше, төлемдердің уақытында түспеуі салдарынан қаржылық қиындықтар туындаған. Сонымен қатар, электр энергиясын сатып алушы ұйым — «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС алдында да берешек бар.
Қарыз өтелмеген жағдайда электр қуатын шектеу немесе өшіру, сот арқылы қарызды өндіріп алу және сот шешімдерін мәжбүрлі түрде орындату және заңға сәйкес шаралар қабылданады.
Мамандар тұрғындарды қарызды уақытында өтеп, электр энергиясы үшін төлемді кешіктірмеуге шақырады. Сондай-ақ көпқабатты үйлердің тұрғындарына коммуналдық төлемдердің жиналуын және басқарушы компаниялардың жұмысын бақылау ұсынылады.
Сандуғаш Жаилганова
Парақшамызға жазылыңыз
