//

Елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған жаңа жобалар басталады

83 рет қаралды

Фото: istockphoto.com

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

16 мамыр күні Мемлекет басшысы адам капиталын дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайтуға және білімді әрі бәсекеге қабілетті оқырман ұлт қалыптастыруға бағытталған «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Президент тапсырмаларын орындау мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі кітап оқуды кеңінен дәріптеу, кітапхана ісіне тың серпін беру және азаматтардың білім алу мүмкіндігін арттыру жөнінде бірқатар жобаны жүзеге асыруды бастады.

Соның бірі – 2026 жылдың қыркүйегінде басталатын «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасы. Жоба аясында жыл сайын әртүрлі жас санаты бойынша ең белсенді оқырмандар анықталып, кітапқа деген қызығушылықты арттыратын үздік өңірлік бастамалар айқындалады.

Сонымен қатар азаматтарға кітап оқу мәдениетін дамытудағы жетістіктері үшін Ұлттық сыйлық тағайындау жоспарланып отыр. Бұл марапат кітапханашылар, педагогтер, журналистер, баспагерлер, жазушылар, қоғам қайраткерлері және креативті индустрия өкілдерінің еңбегіне берілетін жоғары бағаның белгісі болмақ.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Кипрмен әуе қатынасы ашылады

Фото: gov.kz Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер