//

Қашағанда тағы бір ірі газ зауыты бой көтереді

64 рет қаралды

Фото: pixabay.com

Энергетика министрлігінің жетекшілігімен Қашаған кен орнында қуаттылығы жылына 2,5 миллиард текше метрді құрайтын жаңа газ өңдеу зауытын салу жобасына арналған ауқымды кеңес өтті, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.

Жиынға «QazaqGaz», «PSA» мекемелері мен NCOC консорциумы акционерлерінің басшылары және өзге де мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты. Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Қашағанда бұдан бөлек қуаттылығы жылына 1 миллиард текше метр болатын тағы бір газ өңдеу зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Басқосу барысында жаңа жобаның нақты іске асыру кезеңіне өткені жарияланып, нысанның ағымдағы жай-күйі, тараптар арасындағы жұмысты үйлестіру және зауытты белгіленген мерзімде пайдалануға беру шаралары егжей-тегжейлі талқыланды.

Бұл жоба еліміздің газ саласын дамыту үшін стратегиялық маңызға ие және Мемлекет басшысы мен Үкіметтің ерекше бақылауында тұр. Үкімет қаулысымен зауыт құрылысын жүргізетін бас мердігер ретінде халықаралық тәжірибесі мол қытайлық ірі компаниялардан құралған консорциум (China National Chemical Engineering Sixth Construction Company және China Wuhuan Engineering) бекітілген.

Кеңес қорытындысы бойынша министрлік тарапынан жобаға қатысушы барлық жаққа жұмысты тиімді әрі мерзімінен кешіктірмей орындау тапсырылды. Ал «QazaqGaz» ұлттық компаниясына құрылыс барысында туындаған мәселелерді жедел шешіп отыру үшін Энергетика министрлігіне ай сайын есеп беріп тұру міндеттелді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар