Елімізде жаңа «е-Ымдау» қосымшасы пайда болды

66 рет қаралды

Фото: gov.kz

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту жолында үлкен қадам жасалып, есту қабілеті бұзылған балалар мен ересектерге арналған «е-Ымдау» ым-ишараттық тілінің бейнесөздігі ресми түрде қолданысқа енгізілді. Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен әзірленген бұл жаңа цифрлық ресурс ерекше қажеттілігі бар азаматтардың білім алуына, өзара қарым-қатынас жасауына және қоғам өміріне белсенді араласуына кең мүмкіндік береді. Интерактивті деректер базасына негізделген сөздіктің басты ерекшелігі — мұнда түрлі ұғымдар мен сөздер бейнероликтер арқылы, ым-ишаратпен көрнекі түрде көрсетіледі. Автоматтандырылған іздеу жүйесінің арқасында пайдаланушылар өздеріне қажетті сөзді санаулы секундта тауып, оның дұрыс ым-ишараттық нұсқасын оңай меңгере алады.

Жаңа жоба күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын 21 лексикалық тақырыпты қамтиды. Оқырмандар мен пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін бейне сөздік қазақ және орыс тілдерінде қатар әзірленген. Бұл пайдалы платформаны кез келген адам App Store дүкенінен жүктеп алып, смартфон арқылы немесе Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ресми сайтынан онлайн форматта тегін пайдалана алады. «е-Ымдау» жобасының іске қосылуы елдегі ым-ишарат тілін үйрену үдерісін айтарлықтай жеңілдетіп, арнайы білім берудің сапасын жаңа деңгейге көтереді деп күтілуде.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар