/

Гуйяндағы бокс: Назым Қызайбай Әлем кубогының жүлдесіне ілікті

81 рет қаралды

Фото: olympic.kz

Қытайдың Гуйянь қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы кезеңінің төртінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының үш өкілі шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды olympic.kz.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Назым Қызайбай ширек финалдық кезеңді сәтті аяқтады. Отандасымыз польшалық Виктория Рогалинскиді 4:1 есебімен жеңіп, турнирдің кем дегенде қола жүлдесін қамтамасыз етті.

Сондай-ақ 51 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Алуа Балқыбекова да келесі кезеңге өтті. Ол венесуэлалық Ирисмар Кардосоны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен қапы қалдырып, ширек финалға жолдама алды.

Ал 65 келіге дейінгі салмақтағы Санатәлі Төлтаев үшін бұл жарыс сәтсіз аяқталды. Қазақстандық боксшы тартысты жекпе-жекте Англия өкілі Патрис Мугалзайға есе жіберіп, турнирді мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар