/

ҚТЖ азық-түлік пен бидай тасымалына 70% жеңілдік енгізеді

75 рет қаралды

Фото: Rail-news.kz

Rail-news.kz сайтының хабарлауынша, «Қазақстан темір жолы» компаниясы ел ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен бидай тасымалдау тарифіне 70 пайыздық жеңілдік енгізді.

Әлеуметтік жауапты тариф саясаты аясында республикаішілік қатынаста азық-түлік тауарларын, сондай-ақ ұн тарту және нан пісіру кәсіпорындарына арналған бидайды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісі мен тасымалдаушы қызметтерінің тарифіне 0,3 төмендету коэффициенті қолданылады.

Бұл жеңілдік шарасы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 30-дан астам атауына қатысты енгізіліп отыр. Жаңа қадам отандық өндірушілердің көлік шығындарын азайтуға, сондай-ақ ішкі нарықтағы азық-түлік бағасының өсуін тежеуге бағытталған. Осы шешімнің нәтижесінде жүк жөнелтушілердің теміржол тасымалына жұмсайтын шығыны орта есеппен 40 пайызға қысқарады деп күтілуде. Бұл елдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз етудің және отандық тауар өндірушілер үшін теміржол қызметінің қолжетімділігін арттырудың тиімді құралы болмақ.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар