ITF атауын өзгертті: Халықаралық теннис федерациясы енді World Tennis деп аталады

69 рет қаралды

Фото: ktf.kz

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 1913 жылдан бері теннистің әлемдік басқарушы органы қызметін атқарып келген Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өзінің атауы мен брендін ресми түрде World Tennis деп өзгертетінін жариялады.

Ұйым президенті Дэвид Хаггерти бұл ребрендинг бұқаралық қатысуды арттыруға, болашақ жұлдыздардың қалыптасу жолын жетілдіруге және баршаға теннистің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған жаңа ұзақ мерзімді стратегияның бір бөлігі екенін атап өтті.

Жаңа стратегия аясында World Tennis қызметінің бес негізгі бағыты айқындалды, олар: тенниспен айналысатын адамдар санын арттыру, болашақ жұлдыздарды даярлау жүйесін дамыту, ұлттық құрамалар арасындағы командалық турнирлерді нығайту, инновацияларды енгізу мен спорттың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және әлемдік тенниске қосымша инвестициялар тарту.

Бұл мақсаттарды іске асыру үшін ұйым 214 ұлттық қауымдастықпен бірлесе жұмыс істеп, өзінің жыл сайынғы кірісінің кемінде 85 пайызын теннисті дамытуға қайта инвестициялауды жоспарлауда. Осы шаралардың нәтижесінде World Tennis 2035 жылға қарай әлемде теннис ойнайтын адамдар санын қазіргі 106 миллионнан 140 миллионға дейін жеткізіп, 30 пайыздан астам өсімге қол жеткізуді мақсат етеді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар