//

Каспий теңізі арқылы кабель тартылды

71 рет қаралды

 2026 жылдың 15 қазанында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Каспий теңізі арқылы тартылған кабель желісін ресми түрде іске қосты. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жобаны заманауи цифрландыру дәуіріне сай келетін «Орта дәліздің (Middle Corridor) цифрлық бейнесі» деп атап өткен.

Каспий теңізінің түбі арқылы өткізілген талшықты-оптикалық байланыс желісі (Транскаспийлік ТОБЖ) — Азия мен Еуропа құрлықтары арасында жоғары жылдамдықты тікелей цифрлық дәліз құруды көздейтін, халықаралық маңызы бар ауқымды инфрақұрылымдық жоба болса керек.

Кабель Қазақстанның Ақтау қаласы мен Әзербайжанның Сумгайыт қаласының арасындағы жағалауларды теңіз түбімен тікелей байланыстырады.

Оның су астындағы бөлігінің ұзындығы шамамен 380–390 шақырымды құрайды. Кабельдің жалпы салмағы 600 тоннаға жуық.

Желінің максималды жобалық деректерді тасымалдау жылдамдығы 400 Тбит/с (терабит секундына) дейін жетеді.

 Жобаны Қазақстан тарапынан «Қазақтелеком» АҚ, ал Әзербайжан тарапынан «AzerTelecom» компаниялары бірлесіп құрған CaspiLink B.V. кәсіпорны жүзеге асырған. Құрылыс толығымен операторлардың өз қаражаты есебінен, мемлекеттік бюджеттің көмегісіз қаржыландырылған екен.

Бұл жобанның берер пайдасы мынадай:

1.Бұған дейін Қазақстан халықаралық интернет трафигі үшін негізінен Ресей мен Қытай бағыттарына тәуелді болса, енді үшінші дербес жаһандық шлюз пайда болды. Бұл елдегі интернет желісінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін арттырады.

2.Қазақстан мен Әзербайжан Азия (соның ішінде Қытай) мен Еуропа арасындағы ірі деректер транзитінің (Data Transit) орталығына айналады.

3.Желінің іске қосылуы әлемдік IT алпауыттарын (Google, Microsoft, Amazon және т.б.) аймаққа тартуға, ірі Дата-орталықтар (ЦОД) салуға және жасанды интеллект (AI) инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды.

4.Болашақта бұл желіге Орталық Азияның басқа да елдері (мысалы, Түркменістан, Өзбекстан) қосыла алады, сондай-ақ бұл кабельді Қара және Жерорта теңіздеріндегі су асты байланыс жүйелерімен де ұштастыру жоспарлануда.

Дерек көздері «Ақорда.кз»-тен алынды. Дайындаған Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Апта дайджесті: 08.10–15.10.2026

Аптаның ең көп оқылған материалдары — бір жерде. Оқымай қалғандарыңыз болса, назар аударыңыз! Көзқарас: Санжар Керімбай