//

Алматының ЖЭО-2-де алғашқы газ турбинасы іске қосылды

71 рет қаралды
Алматының ЖЭО-2-де алғашқы газ турбинасы іске қосылды
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Алматы ЖЭО-2-де жаңғырту аясында орнатылған алғашқы газ турбинасы іске қосылды. Станция газға көшкеннен кейін ауаға шығатын ластаушы заттардың көлемі 90 пайыздан астам азаяды деп күтілуде.

25 қарашада станцияда Siemens Energy компаниясының алғашқы турбинасы  іске қосылды. Желіге электр энергиясын беру 30 қарашада басталады деп жоспарланып отыр. Тағы екі турбина желтоқсанда қосылмақ.

Жаңғыртудан кейін ЖЭО-2-нің қуаты 557 МВт электр энергиясы және 957 Гкал/сағ жылу энергиясы болады.

Жобаның басты нәтижесі экологияға қатысты. Ластаушы заттардың шығарындысы жылына 37,1 мың тоннадан 2,7 мың тоннаға дейін, яғни 90 пайыздан астам қысқарады. Күкірт диоксиді мен күл шығарындылары іс жүзінде толық жойылады.

ЖЭО-2 Алматыдағы ауаның ластануына ықпал ететін ірі нысандардың бірі саналып келді. Станцияны көмірден газға көшіру қаланың ауа сапасын жақсартудағы маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылады.

Дереккөз: Kazakhstan Today, kt.kz

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар