2012- ұлу жылының қаңтар айының он бесінші күні еліміз бойынша Мәжіліс сайлауы мен мәслихат сайлауы өтеді. Бірақ Жаңаөзенде өтпейді. Бұл туралы қаңтардың 6-сы күні Астанада өткен Қазақстан орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос журанлистерді құлғадар етті. Орталық сайлау комиссиясы Конституциялық кеңестің шешеміне сүйене отырып осындай ұйғарымға келген. Елбасының жарлығымен Жаңаөзенде 31 қаңтарға дейін төтенше жағдай ұзартылған-ды. Ата заңымызда төтенше жағдай жарияланып, комендаттық сағат орнатылған аймақтарда сайлаудың өтпейтіні туралы жазылған. Сондықтан Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов Орталық Сайлау коммисиясының бұл шешімінің Конституцияға сәйкес екендігін алдын ала нақтылап жеткізген-ді. Сонымен Жаңаөзендік сайлаушылар бұл жолы сайлауға қатыса алмайды. Сайлау, таңдау құқығын кәмлетке жасы толған адамдар пайдалану үшін елде тыныштық, бірлік-береке болу керек екендігі екі бастан белгілі. Төтенше жағдай аяқталған соң жергілікті мәслихат сайлауы өтпек. Мінбер-ақпарат
Сайлау өтпейді – Жаңаөзенде…

Соңғы жазбалар
Фото: кейіпкердің жеке парақшасынан алынды 2026 жылға ұсынылып отырған жаңартылған Конституция жобасы қоғамда кең ауқымды пікірталас
Фото: e-history.kz/kz «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі». Ахмет Байтұрсынұлының осы бір жалынды сөзі арада
Фото: olympic.kz АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші жүлдесін
АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдегер атанды. Қазақстандық спортшылар
Қазақстанда 2026 жылғы ұсынылып отырған Конституцияның жаңа жобасында Президент институтына қатысты нормалар айқындалып отыр. Құжаттың III
27 қаңтар 2026 жылы Алматы қалалық апелляциялық сотында азаматтық белсенді әрі блогер Мирболат Мырзатайұлы туралы істің
Батыс Қазақстанда шаруалар миллионнан астам қой өсіреді, жыл сайын мыңдаған тонна жүн қырқады. Бірақ өңделмеген жүн
“Мінбер” сайты саясаттанушы Дос Көшіммен сұхбаттасты. Сұхбат барысында “Ұлттық құрылтай” нәтижелері, елдегі саяси ахуал, қоғам мен
Ыстамбұл қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионатының IIA дивизионы аяқталды. Аталмыш сайыста Қазақстан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV Қысқы Паралимпиадаға қатысатын Қазақстанның
Осылай болар деп өзім де ойлағамын. Сәуегейлігіме ырза болып отырмын.
Өзін-өзі мақтаған өлгенмен тең деген сәуегей мырза ))))))))))
Мыжымай, айдалаға лақпай, ана Жаңаөзенді айтсаңдаршы!!!
Журналистер өзін сәуегей, көреген, байқағыш деп мақтанатын бопты. Жұлдыздық ауру бұларға да жеткен-ау шамасы.
Табарани хаким риуаяты: Ұжымақ елі жеңіліске ұшырағн, қолық көрген нашарлар. Әбу Һұрайрадан: Алла тағала қасамқор саудагерді, текепар кедейді, зинақор кәріні, залым басшыны жек көредә.
“Төтенше жағдайлар туралы” заңның 15-бабы Конституцияға да, “Сайлау туралы” заңға да қайшы. Мәселен, Конституцияның 33-бабының 2-тармағанда: “Республика азаматтарының мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар”, – делiнген. Ал “Сайлау туралы” заңның 3-бабының 3-тармағы былай дейдi: “Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң құқығы жоқ”.
Осы заңның 4-бабында жалпыға бiрдей сайлау құқығына түсiнiктеме берiлген. “Жалпыға бiрдей сайлау құқығы – Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы”.
Мемлекет тарапынан ашық, әділ, мөлдір және бәсекелі сайлау өткізу үшін барлық жағдай жасалған.
Электораттық науқанның барлық кезеңде¬рін¬де заңдылықтың сақталуы қамтамасыз етілді.
Саяси партияларға бұқаралық ақпарат құрал¬дарына теңдей қолжетімділік берілді.
Барлық сайлау үдерісіне қатысушылар сайлаушыларды өздерінің сайлауалды тұғыр¬на¬маларымен таныстыру үшін кең мүмкін¬дік¬ке ие болды.
Осы біздің төрдегілер неге ылғи екі сөйлейді. Қазақ деме, дегеннен кейін б..ты жеме деуші еді. Анау сүйтті, мынау бүйтті… ұстараның жүзіндей аударылып төңкеріліп жатқаны. Сөзінде тұра алмайтыны бар несін сөйлейді екен. Бұндай төрге халық қалай сенеді, сенім кетті…. бәрі ойын… әйтеу қосақ арасында босқа кетпей адам аман болсын…
Жаңа өзендіктер сайлауға қатысыпты дейді?!…)))))