«Қылмыс» – «Тас түрмені жарып шыққан тарлан сөз»

3312 рет қаралды

Империяға күні қараған кіріптар, бодан елдің өз ұлтын сүйген, азаткер зиялысы абақтыда отырмағанда қайтуші еді? Ағыспен жүзетін ептілер мен жансауға жағымпаздар болмаса, қуғын сүргін, айдау, абақты дегендерің – қайраткер азаматтың маңдайына жазылған сыбағасы емес пе?! Ресей империясында барар жерің итжеккен, Сібірдің ақырған аязы, ит тұмсығы өтпес тайга-орманы… Ал қытай қағанатында ондай суық Сібір жоқ. Оның есесіне Тарым бойлаған Такламакан шөлі бар.

Бүгін қазақ руханият қоры тағыда бір аса үлкен мұрамен байыды. Қазақ әдебиетінің классигі, Шыңжандағы қандасымыз Қажығұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» атты романы елімізде тұңғыш рет Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының «Атажұрт» баспасынан толық жарыққа шықты. Автор алты кітаптан тұратын ұласпалы романның екі кітабын түрмеде, қапаста отырып жазыпты. Бұл дегеніңіз бұрын-соңғыда кездеспеген жазушының теңдесі жоқ ерлігі болса керек.

Роман жанры жағынан мемуарға ұқсас болғанымен тек жеке адамның өмірімен ғана шектеліп қалмай, Шыңжаң қазағының жарты ғасырлық өмірін тұтас қамти алғандығымен де ерекшеленеді. Аталған романды оқи отырып, бүгінгі ұрпақ өзгенің езгісінің не екенін, отаршылдық зорлықтың небір түрін білетін болады. Осындайда еліңнің егемендігіне, жеріңнің азаттығына, тәуелсіз елдің азаматы болғаныңа қуанасың! Тәубаға келесің.

Қажығұмар Шабданұлы қазір іргемізде, шекараның сәл аржағында Шәуешек қаласында тұрады. Сексен төрт жаста. Туып, қалыптасқан өлкесі мына Шығыс Қазақстан жері. Қазірде «туған жерге оралсам, кіндік қаным тамған топырақты бір иіскесем» деп екі көзі төрт болып, сарғайып, сарылумен күн кешсе керек.

Осы романның жарыққа шығуында жалпы редакциясын басқарып, араб жазуы үлгісіндегі төте жазудан қазіргі біздің қолданысымыздағы олрыс жазуына көшіріп, баспаға дайындап берген Қазақстан халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов «Тас түрмені жарып шыққан тарлан сөз» атты беташар сөзінде би дейді: «Жазушы және түрме. Қалам мен қапас. Әдетте сыйыспайтын-ақ ұғымдар. Екінші жағынан қарасаң, таңданатын да ештеңе жоқ.сияқты. Империяға күні қараған кіріптар, бодан елдің өз ұлтын сүйген, азаткер зиялысы абақтыда отырмағанда қайтуші еді? Ағыспен жүзетін ептілер мен жансауға жағымпаздар болмаса, қуғын сүргін, айдау, абақты дегендерің – қайраткер азаматтың маңдайына жазылған сыбағасы емес пе?! Ресей империясында барар жерің итжеккен, Сібірдің ақырған аязы, ит тұмсығы өтпес тайга-орманы… Ал қытай қағанатында ондай суық Сібір жоқ. Оның есесіне Тарым бойлаған Такламакан шөлі бар. Саясыз, панасыз, жалаңаш шөл… Алпыс градус аптапта ұшқан құстың қанаты күйеді. Сібірде – азап болса, Тарымда – тозақ. Жазушы Шабданұлы аттай жиырма жылын осы Тарым лагерінде өткізді…

Әзірше жазушының өзінен бұрын бізге шығармалары жетіп отыр. Тар жерде – тас түрмеде туған романдары қазақтың кең даласында еркін қанат қағар, өз оқырманын табар деген ойдамыз»… «Мінбер.kz» ұлттық интернет газеті де осы тілек ішінде.

Б.Бурылалтай

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері