Қорқаулар құса ала ма?

1058 рет қаралды

аллаМұхаммед пайғамбардың өте бір сенімді әрі адал досы Әбу Бәкірдің бір қызметшісі болыпты. Ол өзінің қожайынына үнемі кешкі ас әзірлеп береді екен. Ал Әбу Бәкір болса ол астың қалай, неден жасалғанын және қандай жолмен келгенін тәмпіштеп сұрап болғаннан кейін ғана әлгі тағамды жесе керек. Бір күні Әбу Бәкір күндегі әдетінен адасып, алдына ас келген бойда асап жіберіпті.

Бұған таң-тамаша болған қызметшісі: – Қожайын, күнде сіз астың қалай келгенін сұрамай аузыңызға алмаушы едіңіз, бүгін неге дағдыңыздан жаздыңыз,– деп сұрайды. Сонда қатты қысылған Әбу Бәкір: –Қу аштық-ай, не істетпейді, кеш те болса, айтшы, бұл астың қалай келгенін,– дейді. –Менің біреуден алатын қарызым болып еді, сол адамды бүгін кездестіріп, борышын есіне салып едім ол өзі жемек болып сатып алған тағамын маған берді, мынау сол,– дейді. др

Сонда Әбу Бәкір, орнынан атып тұрып, анадай жерге барып, сұқ саусағын ауызына тығып жіберіп, құса бастайды. Жұмыршағындағы қара суға дейін қысып шығарып қатты қиналады. Артынан жылы су ішіп және құсады. Сөйтіп, ас қазаным әпден тазаланды-ау дегенде барып құсқанын қояды. Күтушісі: – Тым болмаса ішіп те жарытқан жоқсыз, осығұрлым қиналғаныңыз не?– деп сұрайды. – «Ішкен-жегені харам адамдарға Алла тағала ұжымақты нәсіп етпейді, арам жолмен келген астың күнәсі барлық күнәдан жоғары, ол кешілмейді,– дегені бар еді бірде пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) дейді де, көкке қолын жайып, Алла тағаладан, – шамамның келгенінше жегенімнің бәрін құстым, ал бойыма, қан-тамырларыма сіңіп кеткені болса, өзің кешіре гөр!– деп жалыныпты…
Осы әңгіме еске түскенде, бір түйір ас түгіл, түйені түгімен, биені бүгімен жұтқаны былай тұрсын, пойыздап жалмаған қорқаулар қайтіп жүр екен, олар құса ала ма екен деп ойлайды екенсің?! Б.Қарамер

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Желаяқтар қос қола иеленді

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында

Азиаданың сегізінші алтыны

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль

Азиададан тағы екі алтын түсті

Бахрейннің Манамада қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары қыза түсті. Бүгінгі жарыс күні де алтынмен басталды. Таеквондода

«Қайрат» ел чемпионы атанды

Футболдан ел чемпионатының соңғы турында “Астана” мен “Қайрат” Алматыда кездесті. Соңғы ойын нағыз чемпиондық матч болды.