Рухсыз елдің рухсыз жәдігерлері

5888 рет қаралды
3

_kereiЖас қазақ үні» газетінен бір топ қоғам қайраткерлері мен қаламгерлердің үндеуін оқып едім. Онда Қазақ хандығының соңғы ханы, Қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрес жолында 10 жыл аттан түспеген Кенесары Қасымұлының денесі мен басын қосып жерлемейінше, даланың еркін ұлдарына көшпенділіктің асқақ рухы дарымайды. Біртұтас ұлттық идея да қалыптаспайды. Қазақ халқы бүгінгідей асқақ рух пен өр намыстан жұрдай болып, ұлттық құндылықтарын табанға таптай беретін болады. Сондықтан, ең әуелі қазақ халқының алдында тұрған осы бір қасиетті борышты атқарып, аруақ сыйлаған ел екендігімізді танытуымыз керек делінген онда.

Мемлекетшілдік санасы кембағал ұлт бүгінде қазақ қана болып тұрған сияқты. Неге дейсіз ғой, pamyatjk (1)елдің елдігін танытар тұста ұлттық намысымызға қамшы басып атойлай алмаймыз. Жердің асты мен үстіндегі байлықтың бәрін сатып бітірдік. Енді жерге ауыз сала бастадық. Онда да үнсіз отырмыз.

esk«Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейтін халқымыз, аруақтарымыздың рухын асқақтатуға келгенде де тым жігерсіздік танытып отыр.
Осыдан 2 ай бұрын қазақ қоғамын кәдімгідей дүрліктірген ескерткіштер хикаясы – олардың «жарамсыздығынан» Қазақ елі монументінен орын табылмай күресінге тасталуымен аяқталған еді. Халықтың дүрбелеңінен сескенді ме, жоқ, аруақтан қорықты ма, қалай дегенмен де, Астана билігі Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей хандардың ескерткішіне байқау жариялап, оның қорытындысын шығарып үлгерген екен. Ескерткіштерді електен өткізген комиссия мүшелері Сембіғали Смағұловтың мүсінін іске алғысыз еткен жазушы, тарихшы Қойшығара Салғара мен мүсінші Мұрат Мансұров.

Бірақ, мына комиссиядан өткен мүсіндерді көріп, әлгі «қоянды көріп, қалжасынан түңіл» деген тәмсіл DF358BE1-349D-46CA-A4AF-9322EBA4A4A3_w270_sесіңе түседі екен. Ринат Әбенов деген мүсіншінің жобасы бас жүлдеге ие болып, бөркін аспанға атыпты. «Хан шатыры» ойын-сауық кешенінің алдына қойылатын ескерткіштерде не айбын, не рух, не жігер, не сұс жоқ. Әйтеуір шала жансар, можантопай дүние. Жалпы, ескерткіш қою және оған халықтық рух пен айбын беру жағынан қазақ сәулет өнері кенже қалып келеді. Осыдан бір жарым ай бұрын Алматыда тілдерін безеп, ескерткіштердің көркемөнер талабына ешқандай жауап бере алмайтындығын тәптіштеген суретшілер мен сәулетшілер және мүсіншілердің арасында Мұрат Мансұров та бар еді. Ал, мына ескерткіштердің оған несімен ерекше болғанын түсіну қиын. Абайдың қолын артына ұстап, басын төмен салбыратқан, бір қалыпқа соққан ескерткішін қашанғы көлденең тарта береміз. Абай бір сәт серпіліп, тәуелсіз елдің болашағына сеніммен көз тастайтын кез жеткен жоқ па? Қазақтың хандары неге мойындары салбырап, әукесі түсіп, езіліп тұруы керек. Көшпенділердің жарты әлемді жаулаған өр асқақ рухы неге бүгінгі сәулет өнерінде көрініс таппайды.

Қазақтың болашағына жол салған – мемлекеттіліктің негізін қалаған тұлғаларымыз бен ертеңі үшін қан жылаған рухани көсемдерімізге саяси мәні жағынан ерекше, рухани мазмұны жұтаң Қазақ Елі монументінен орын табылмай, «Хан шатыры» атты ойын-сауық кешенінің алдына сүмірейтіп, сүтке тиген күшіктей елдің пассионар тұлғаларын әжуалай беретін болдық.
Е. Байнұр.
Cуреттер “Азаттық” және “Абай” сайттарынан алынды.

Парақшамызға жазылыңыз

3 Comments

  1. Бірінші пікір: Қазақ асыққан сайтанның ісі дейді. Мынау сол асығыс-үсігіс жасалған күлді-көмеш бірдеңе екен. Бұны ақыл-есі дұрыс адам ескерткіш деп айта алмас. М.В.Горелик дегеннен қотарған нәрсе екені де даусыз. Үлкен қателік – мүсінші сымақтың қазақтың ұлттық жадынан жұрдайлығы. Бұл өзі қазақ емес болуы да әпден мүмкін екен. Ал бұны құптаған Салғараұлына айтар сөз қалмай отыр. Тоқпағы күшті болды ма екен, білмейміз. Көкейінде көзі бар адам хан түгіл ойын баласын да жайдақ ерге отырғызбайдлы. Білдіңдер ме?! Ерге міну, я отырыу — Бұл жаман ырым. Өте жаман ырым, Ақан Серінің күйін кеш дегенді білдіреді. Сонда бұл суретші-мүсіншілер, қолпаштаушылар Елбасымыздың аттан түсіп, жаяу Мусаның кебін киюін көксей ме?! Өз басына көрінсін, ниеттері дейміз. Біз қала – Астана әкімі Тасмағанбетов мырзадан мына нәрселерді дереу балқытуын сұрар едік. Анау Горелик деген кезінде қылғұрт саясат арқылы қазақтың ханын осылай жасытхан болатын. Оны біздің түйсіксіздер түгелімен қотарып алған! “Қазақ тақсыз болған” дейді. Сонда қазақ ХҮІ ғ. көктен түсті ме? Арысы Шыңғыс ханның, онан кейінгі Жошы, Бата хандардың тағы тақ емес тақтай болып па? Олар да малдас құрып жерге отырып келіп пе? Ай-ай-ай!!!! Ай, қазағым-ай….

    Екінші пікір: Абай мүсіні деген дүбәра будда кейіпті пішінге байланысты. Абайды бүгін қазақ баласы түгел біледі, таниды. Жылап тұрған баласынан “мынау кім?” деп суретін көрсетсең “Абай” дейді. Мынау Абай емес, итжеккенге айдалып бара жатқан Базаралы ма екен? Желбегей, қайғыдан басы салбыраған, екі қолы артына қайырылып байланған адам! Жалпы Алаш баласы жерге қарамаған, “жерге қарап қалу”… Мынау, мүсінші сымақтар мен олардың иттаршылары қазақты жерге қаратып әбден бітті! Иманғали-ау, сенің аз болса да қазақилығың бар емеспе еді, өнгесінікі жөн, ал саған не болған! Алаш баласы ойланғанда да аспанға қарап ойланушы еді! Әттең, бармақтан бармақ қалмады ғой!… Б.Бурылалтай

  2. Қайран қазақтың ұлттық рухы, кім көрінгенннің қанжығасында кеткен. “Қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса” дейді. Ал сол қазаншымыздың сиқы мынау болса, елдікке қашан жетер екенбіз. “Қайнайды қаның, ашиды жаның, қылықтарын көргенде” деп абай атамыз осындайда егілген шығар.

  3. Қазақты рухсыз демеңіздер жігіттер, егер ел басындағыларды меңзесеңдер оның жөні дұрыс болар. Шыққан тегіңе қарап құм шашу азаматтың ісі емес.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі