Жылдың саяси көрнекі оқиғалары

762 рет қаралды
2

P10100272009-сиыр жылы тарих қойнауына еніп, 2010 – барыс жылы есігімізді қақты. Жыл соңында иә басында өткенімізді саралап, келер күнге болжам жасап, өзімізге-өзіміз есеп беріп отыратынымыз бар. Демек, өткен жыл несімен есімізде қалды? Ауыз толтырып айтарлықтай не болды?

Осы тұрғыдан келгенде, әрине, толып жатқан саяси оқиғаларға көз жұма қарай отырып, қазақтың саяси құқығын биліктен талап ете білетіндігін және биліктің көппен санасуға мәжбүр болатындығын сөз етпекпіз.

АҚЫРЫП ТЕҢДІК СҰРАДЫҚ

Жыл соңына қарай, қазақ қоғамын елеңдеткен және билікке ерекше саяси талап қойған оқиғалар орын r. omirzah `asau` 2004алды. Әуелі – Қазақ хандығының негізін салған Жәнібек пен Керей хандардың күресінге тасталған ескерткіштері қазақ қоғамының атқа қонуына, жастардың билікке талап қоюына жеткізді. Аруағы қорланғанына намыстанған ұлт патриоттары билікті бұл маңызды мәселеге назар аударуға мәжбүрледі. Билік бұған көзжұма қарай алмады. Халықтың, әсіресе, жастардың қаһарынан сескенген болуы керек, «ескерткіштерді жарамсыз» деген сылтаумен құтылып кетті.

Сосын «Ел бірлігі – доктринасының» жобасы өмірге келді. Билік оны да ұйпалап-тұйпалап қабылдап жібермек еді, Мұхтар Шаханов бастаған ұлт зиялылары тағы да атқа қонды. Олар «қазақстандық ұлт» идеясына қарсы тұрды. Жалпы, қазіргі қазақ мәселесінің тығырыққа тірелгендігін тілге тиек еткен ұлт патриоттары егер билік 20 күннің ішінде «Ел бірлігі доктринасын» қабылдаудан бас тартпаса, желтоқсаншылардың қаны төгілген алаңда аштық жариялайтындықтарын мәлім етті. Билік Мұхтар Шаханов бастаған ел зиялылары қойған 9 талапты орындауға 1 айға мұрсат сұрады. Егер, 20 қаңтарға дейін билік өз уәдесінде тұрмаса, 20 қаңтарда аштық акциясы басталып кетуі де мүмкін. Президент әкімшілігінің жазбаша хаты аштық жариялауға ниеттілерді сөйтіп бір айға тоқтатты. Демек, билік халықпен санаса бастады. Халықтың соңғы жылдары қордаланға ашу ызасының бұрқ ету-етпеуі биліктің сол уәделерінің үдесінен шыға білуінде.

Осы мәселелермен қабаттас Қытай инвесторларының рапс пен соя өсіру мақсатында қазақтың 1 миллион гектар жерін жалға сұрап отырғандығы да қылт ете қалды. Қазақ бұған да қарап жатқан жоқ. Қытайдывң қазақ даласында қаптауына қарсы екендігін білдіріп, жаоын күдірейтті. Сөйтіп, Премьер-министр Кәрім Мәсімов Қытайға жерді жалға да, сатуға да бермейтіндігін мәлім етіп, дүрліккен жұртты басып қойды. Бұның барлығы қазақтың ақырып теңдік сұрарға жеткендігін, биліктің онымен санаспасақа амалы кемдігін көрсетеді.

ҚАЗАҚ МӘСЕЛЕСІ ЖӘНЕ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫ

Дәл осы тұста қазақ зиялыларының бет-бейнесі де ашылып қалды. Бірі мәлімдемеге қол қойғанынан бас тартып, сұхбат беріп жатса, екіншісі, сонау Парижде отырып, Мұхтар Шаханов бастаған ұлт зиялыларының бас көтеруін сынға алды. Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты елшісі, ақын Олжас Сүлейменов бұған дейін қазақ тілінің төрге озуына қарсы пікірлерін халықаралық аренадан жиі айтып жүрген еді. Бұл жолы «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігіне14-желтоқсанда берген сұхбатында қазақ филологиясы ғылымына өз тарапынан сын айта отырып «нация», «национальность», «этнос» ұғымдарын қазақ тілінде тек «ұлт» сөзі беретіндігіне тоқталған. «Егер, «қазақстандық ұлт» болмаса, Қазақстан да болмайды» деп көсемсіген ақынымыз қазақ тілін төрге оздырудың әлі ерте екендігін тағы бір еске сала кетеді. Сөйте тұра, «Алматы» мен «Семей» атауының қазақшаланғанына кейиді. «Олардың орысша транскрипциясы «Алма-Ата» және «Семипалатинск» болып қала беруі керек еді» дейді қынжылып. Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей хандарға ескерткіш орнатылуы керек дегенді айта отырып, олардың қаншалықты тарихи маңызды тұлғалар екендігі жайында жұмған аузын ашпайды.

Сөйтіп, Олжас Сүлейменов «ТОЛПЕ НАДО БЫ УЖЕ НАУЧИТЬСЯ ОТЛИЧАТЬ ЧИСТЫЕ ПОМЫСЛЫ ПОЛИТИКОВ ОТ ЯВНОГО ПОЛИТИКАНСТВА» (қазақшаласақ «Тобырдың саясаткерлердің сара ойларын саясаткерсымақтықтан айыратын кезі келді» деп аталады) атты сұхбатында «А вот проблема, готовая вывести на площадь бунтующую интеллигенцию, порождена отсталостью казахского языкознания и беспомощностью политологии, не способных объяснить людям значения известных международных терминов» дегенді айтады. Алайда, мәселе халықаралық терминдерде емес, әлі күнге дейін өз отанында жетім баланың күйін кешкен қазақ мәселесінде екенін ойдан шығарып алған. Әрине, «ұлт» және «азаматтық» ұғымдары дамыған, алдыңғы қатарлы мемлекеттерде бір ұғым болып жымдасып кеткенін жұрттың бәрі түсінеді. Бірақ, құрылымы біздікі секілді Германия, Франция, Түркия сияқты ұлттық мемлекеттердің азаматтары «алманиялық» немесе «француздық» деп жазылмайды. Олардың төлқұжатында «француз» немесе «неміс», «түрік» деп аталады. Қай елдің азаматысың, ұлтың да сол елден деген қағиданы еске тұтсақ, ең әуелі «қазақстандық» емес, «қазақ» болып жазылуымыз керек. Екіншіден, біздегі мәдениет мемлекетқұраушы қазақ ұлтының төңірегінде емес, орыс ұлтының төңірегінде топтасып, дамып отыр. Биылғы жаңа жыл кештеріне арналған телевизиялық кештердің басым бөлігі мәңгүрттердің шыршасына айналды. Егер, жібі түзу кино түсірсек, даланың қазағы қазақша сөйлейді, қаланың қазағы орысша сөйлейді. «Ағайындар», «Арман қала», «Құрақ көрпе» секілді соңғы кезде түсірілген фильмдерде қазақ тілінің қаланың есігінен сығалай алмай тұрғанын насихаттаудың басым екенін байқайсыз. Тіпті, соңғы кезде теледидар да, кино өнімдері де қазақ тілін дамытқанның орнына тұншықтырып барады. Оларды көріп отырып, мүлдем басқа планетада өмір сүргендей сезінесіз.

Егер, қазақ мәселесі дәл бүгінгідей ушықпаса, оның тілі мен ділі, мәдениеті мен өнері елдегі бүкіл ұлтты ұйыстыра алатын деңгейде болса, ұлттық құндылықтары аяққа тапталмай, тарихи жады қалыптасып, өткенге сергек сана мен тәуелсіз, азат ойлау тұрғысынан көз жүргізе алсақ, Қазақ хандығының қалыптасуы, Алаш зиялыларының тарихтағы орны, 1930 жылғы аштық, шетте қалған территорияларымыз бен қандастарымыз, Желтоқсан көтерілісі тарихтағы өз лайықты бағасын алған болса, қазақ зиялыларын «ел бірлігі доктринасы» тым шошыта қоймас еді. Амал не, билік осының бәрін аяқасты етіп, елдегі өзге ұлттардың мерейін үстем етіп отыр. Қазақстан халқы бүгінде орыс тілі мен мәдениетінің айналасында топтасуда. Дәл осы синдром бізді алаңдатады.

Яғни, Олжеке, аспаннан жерге түсіп, мәселеге өз қандастарыңыздың көзімен қарайтын уақыттың жеткенін сезініңіз. 18 жыл бойы қазақ тілін төрге оздыру ерте деген шықылықтан таймай келеміз. Содан көгеріп, дамып кеткен тіл жоқ. Баяғы жартас, бір жартас күйінде күн кешіп келеміз.
Есен БАЙНҰР.

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. Қазаққа Мұхтар ағамыздан басқа жаны ашитын ұлтшыл азамат қалмаған ба??

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі