/

Діни өлеңдер байқауы

1059 рет қаралды
1

Құрметті ақындар!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы асыл дінімізді көркем сөзбен өрнектеп, кеңінен насихаттау мақсатында діни өлеңдер мүшайрасын өткізеді.
Мүшайра мына тақырыптар бойынша өтеді:

1. «Шеберді шебер дегенше, Алланы шебер десейші»,
2. «Әз Пайғамбар Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм)»,
3. «Көркем мінез – көркіміз»

Өлеңдерді танымал ақын-жазушылар мен дін мамандарынан құралған қазылар алқасы сараптайды.
Ақындар 2010 жылғы 1 мамырға дейін muftyat@mail.ru электронды поштасына өлеңнің толық нұсқасын жіберуі тиіс.

МҮШАЙРА ШАРТТАРЫ

1. Өлең 14 шрифтімен теріледі;
2. Көлемі 2 беттен аспауы керек;
3. Өлең мәтіні бұрын жарияланбаған болуы шарт.

Өлең мәтінімен бірге ақынның толық аты-жөні, мекен-жайы, нақты телефондары мен хабарласу мүмкіндіктері көрсетілуі тиіс.

МҮШАЙРА ЖҮЛДЕЛЕРІ

І орын – Үлкен қажылық;
ІІ орын – Умра қажылығы;
ІІІ орын (3 ақынға) – 150 000 теңгеден;
Ынталандыру сыйлығы (5 ақынға) – 50000 теңгеден.

Мүшайра жеңімпаздары арнайы ұйымдастырылған діни әндер фестивалінде марапатталады. Марапаттау кешіне еліміздің зиялы қауымы, әйгілі әншілер мен атақты сазгерлердің қатысуы жоспарланып отыр.
Сәтті жазылған өлеңдер әуенмен әрленіп, әйгілі әншілерге орындауға беріледі.

Жырларыңыз жазғы жылы жауындай,
ойды оятар дабылдай,
бұрқырап, буырқанған дауылдай болсын,
құрметті ақындар!

http://www.muftyat.kz/jaris/

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Айдана жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі