Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халқына Жолдауын жариялады

8022 рет қаралды
2

nan «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты бұл Жолдауы еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруға арналды.

Елбасы 1997 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» Стратегиясында еліміздің ұзақ мерзімді бағыт-бағдары, басты мақсаты мен басымдықтары белгіленгенін, ендігі жолымыз, жоспарымыз қисынды даму жолына түскенін атап өтті. Қазақстандықтар жоспарланғандай өмір сүре бастады және оң нәтижелерге қол жеткізді. 2008 жылы 2000 жылмен салыстырғанда, республиканың ІЖӨ-нің көлемі екі есе өсті. Еңбекақының орташа айлық есептік көрсеткіші 5 есе, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есе артты. Күн көріс көлемі жағынан табысы төмен тұрғындардың үлесі 4 есеге, яғни 50-ден 12 пайызға дейін азайды. Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарды. Жүздеген жаңа мектеп және денсаулық сақтау объектілері салынды.

Президент: «Біздің жетістіктерімізді мойындай келе, БҰҰ 2009 жылғы өз Баяндамасында Қазақстанды адам капиталының деңгейі жоғары елдер санатына қосты. Бұл – біздің арта түскен әл-ауқатымыздың даусыз куәсі! – деді.

Қазір қазақстандық қоғамның алдында жаңа міндеттер тұр, атап айтқанда, еліміз экономикасын дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу, жеделдетілген индустрияландыру мен инфрақұрылымды дамыту есебінен орнықты экономикалық өрлеуге қол жеткізу, адамдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мейлінше жағдай жасау. Сондай-ақ қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызмет түрімен қамтамасыз ету, ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті күшейту және халықаралық қатынастарды одан әрі дамыту қажет.

«Орнықты және үйлесімді даму таяу онжылдықта ұлттық экономиканы жедел диверсификациялау және бәсекелестікті арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады»,– деді Елбасы.

Инвестицияның жалпы көлемі 6,5 триллион теңге болатын 162 жобаны іске асыру жоспарлануда, бұл – еліміздің ІЖӨ-нің 40 пайызынан астамын құрайды. Үкімет Президенттің тапсырмасы бойынша еліміздің жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын және жан-жақты индустрияландыру картасын әзірледі.

Нұрсұлтан Назарбаев: «Индустриялдық даму – бұл біз үшін жаңа онжылдықтағы мүмкіндік, еліміздің дамуы үшін жаңа мүмкіншілік. Қазақстан табысты индустриялдық мемлекет болады – мен оған сенемін»,– деп атап көрсетті.

Экономиканы жаһандық қалыптасуға дайындау және оның сыртқы қауіптерде де тұрақтылығын арттыру үшін алдымызда бірыңғай үш мәселені шешу міндеті тұр: бизнес-климатты едәуір жақсарту, қаржылық жүйенің тұрақты қызметін қамтамасыз ету және сенімді құқықтық ортаны қалыптастыруды жалғастыру.

Мемлекет басшысы болашаққа белгіленген орасан зор міндеттерді ұйыстырушы ұлттық стратегиясыз орындау мүмкін емес екенін атап өтті.. Егер қазақстандықтар табысқа қол жеткізгілері келсе, онда әрбір адам мына төрт қағидатты басшылыққа алуға міндетті:

Біріншіден, біздің ең басты құндылығымыз – ол Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!

Екіншіден, мемлекет және оның әрбір азаматы қай жерде де қоғамның тұрақтылығы мен елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізуі мүмкін кез келген қадамға бармауы тиіс;

Үшіншіден, экономикалық өрлеу – әрқайсымызға қатысты бүкілхалықтық іс. Бұл – қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудің және баршамызды табысқа бастаудың кілті.

Төртіншіден, өңірлік және әлемдік нарықпен интеграциялану – дамудың аса маңызды шарты. 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын жүзеге асыра отырып, қазақстандықтар сапалы медициналық қызметке, білім алуға қол жеткізеді. Елімізде тұрғын үй-коммуналдық қызметі едәуір артты. Зейнеткерлер, мүгедектер және тұрмысы төмен отбасылар сенімді түрде қорғалатын болады.

«Біз 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында айқындалған мақсаттарды жүзеге асыра отырып, тәуелсіздігі бекем, экономикасы өркендеген, саяси тұрақтылығы орныққан Қазақстанды құру туралы миссиямызды табысты орындап шығамыз»,– деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. “біздің ең басты құндылығымыз – ол Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан!” Онда неге қытай бізден жер сұрап жүр.

  2. Al aukati barlar eldi oylamaydi, al auhati joktar qanday bir areket jasauga shamasiz, sondiktan olardan qorqar jok. QRIQSAQ QORQAULADAN QORQU KEREK.

Ту жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі