«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысам десеңіз…

1433 рет қаралды
2

images>- «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы дегеніміз қандай бағдарлама, оның басты мақсаты не?
– «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы (одан әрі- Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарлама 2014 жылға дейінгі Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бағдарламасын іске асыру механизмдерінің бірі.
Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру.
– Бағдарламаның іске асырылуына қанша уақыт қажет?
– Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылатын болады:
• 1-ші кезең – 2010 – 2014 жылдар аралығында.
Яғни, 2010 жыл Бағдарлама міндеттемелерінің шешілуі: жаңа бизнес- бастамаларды қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты үш бағыт бойынша іске асырылатын пилотты жыл. 2011–2014 жж. міндеттемелердің шешілуі жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылады.
• 2-ші кезең – 2015 – 2020 жылдар аралығында жаңа бағдарламаларды қолдау, шетелге тауар шығарушыларды қолдау сияқты екі бағыт бойынша іске асырылады.
– Жобаларды іріктеу кезінде қандай саладағы кәсіпорын қызметіне басымдық беріледі?
– «Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасына әлеуетті қатысушылар үшін экономиканың басым секторлары:
1. Агроөнеркәсіп кешені;
2. кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер*;
3. жеңіл өнеркәсіп және жиһаз шығару;
4. құрылыс материалдары мен металл емес өзге минералды өнімдер өндіру;
5. металлургия, металлөңдеу, машина жасау;
6. өзге өнеркәсіп секторлары (оның ішінде өзге дайын өнімдер шығару; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа сорғызу; су жинау, өңдеу және тарату; канализация жүйесі; қалдықтарды жинау, өңдеу және тазарту, қалдықтарды іске жарату; қалдықтарды жою саласында қайта культивациялау)
7. көлік және қойма қызметі;
8. туризм;
9. ақпарат және байланыс;
10. кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет;
11. білім;
12. денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;
13. өнер, көңіл көтеру және демалыс;
14. қызметтің өзге түрлерін (компьютерлерді, жеке пайдалану заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу жұмысын) ұсыну.
– Кәсіпкерлерді «Бизнес жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қолдау қандай бағыттар бойынша жүзеге асырылады?
– Бағдарламаның іске асырылуы:
1. жаңа бизнес-бастамаларын қолдау;
2. кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
3. өнімді шетке шығаруға бағдарланған өндірістерді қолдау сияқты үш бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарламаның іске асырылуының бірінші бағыт аясындағы мемлекеттік қолдау мынадай әрекеттерден:
1) жобаларды іске асыру үшін Банк кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;
2) жобаларды іске асыруға бағытталған банк кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
3) өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;
4) бизнесті жүргізуде сервистік қолдау көрсету;
5) кадр дайындау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын құру (компонент 2011 жылдан бастап енгізіледі) сияқты қызметтен тұрады.
Екінші бағыт аясында –кәсіпкерлік секторын жақсарту – мынадай қолдау көрсетіледі:
1) Борышкердің Банктерден бұрын алған кредиті (мақұлдау кезінде) бойынша пайыздық мөлшерлемесін және жоба мақұлданғаннан кейін туындайтын бір кредит желісі аясындағы жаңа берешегін субсидиялау;
2) Борышкерге төлемақы өсімін есептеместен бюджетке (мекеме ұстап қалатын жеке табыс салығынан бөлек) салық берешегін өтеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру мәселесін заңи деңгейде қарастыру;
3) кәсіпорындарды қаржы-экономикалық жағынан сауықтыру жоспары аясында жақсарту, оның ішінде Қазақстан қор биржасында орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешектері бойынша да өзге іс-шаралар.
Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Мемлекеттік қолдау Банктерден бұрын алған кредиті (мақұлдау кезінде) бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.
– Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау дегеніміз нені білдіреді және де жаңа жобаларды іске асырушы кәсіпкерлер қандай қолдауға иек артады?
– Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау дегеніміз жаңа жобаларды іске асырушы немесе жаңа жобаларды іске асыруды, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған жобаларды қолдауды жоспарлап жүрген кәсіпкерлерге жеңілдік көмек көрсетілуін қарастыратын шаралар кешені. Егер кәсіпкер осы анықтамаларға сай келетін болса, онда ол мынадай:
• кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау*;
• кредит бойынша ішінара кепілдік беру*;
• өндірістік (индустриалдық) инфрақұрылымды дамыту;
• бизнес жүргізуге сервистік қолдау көрсетілу;
• кадр дайындауға, жастар іс-тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (2011 жылдан бастап) сияқты көмек түрлеріне қол жеткізе алады.
* Кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау Бағдарламаның барлық үш бағыты бойынша жүзеге асырылады.
* Кредит бойынша ішінара кепілдік беру тек бірінші бағыт бойынша – жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, яғни жаңа кредит алған кезде ғана жүзеге асырылады.
– Жаңа жобалар бойынша субсидия алу шарттары қандай?
– «Жол картасы» аясындағы субсидия дегеніміз бұл бюджеттен өтеусіз негізде берілетін несие бойынша сыйақының бөлігі. Субсидиялау Банктердің жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жаңа кредиттері бойынша, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған қолданыстағы жобалар бойынша жүзеге асырылатын болады.
Жаңа кредиттерге Банктерден жаңа инвестициялық жобаларды, сонымен қатар экономиканың басым секторларындағы өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асыру үшін 2010 жылғы 1-қаңтардан бастап берілген кредиттер де жатады.
– Жаңа жобалар бойынша субсидия қанша уақытқа беріледі?
– Жаңа жобалар бойынша субсидиялау мерзімі 1 (бір) жылдан 3 (үш) жылға дейін, кейіннен 10 (он) жылға дейін ұзартылуы мүмкін.
– Жаңа жобаларға субсидия берілген жағдайда, кредиттің ең көп сомасы қанша?
– Бір Кәсіпкер үшін субсидияланатын кредит сомасы 3 млрд теңгеден аспауы тиіс. Сонымен кредит сомасы, Кәсіпкермен үлестес тұлғалар/ компаниялардың кредиті бойынша берешегін есепке алмағанда, әр Кәсіпкерге жеке есептелінеді.
– Пайыздар төлемі бойынша шығыстардың қандай бөлігі мемлекет тарапынан өтеледі?
– 2010 жылы 12%-дан аспайтын номиналды мөлшерлемесі бар кредиттерге субсидия бөлінеді, оның 7% -дан аспайтындай мөлшерін Кәсіпкер төлейді, ал 5%-н мемлекет жабады. Кредит бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі 12%-дан төмен болған жағдайда, онда 5% орнын мемлекет толтырады, ал айырмашылығын Кәсіпкер төлейді.
Егер Кәсіпкер сыйақының номиналды мөлшерлемесін жылдығы 12%-ға дейін төмендету жөнінде Банкпен келіскен жағдайда ғана 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 12%-дан жоғары мөлшерлеме бойынша берілген қолданыстағы кредиттер үшін субсидия алуға мүмкіндік болады.

– Субсидиялау кезінде Банк қандай комиссия және алым өндіріп алады?
-Банк субсидиялау кезінде кредитке байланысты ешқандай комиссия, алым және/немесе өзге төлемдер өндіріп алмайды. Тек:
• кредиттеу шарттарының Кәсіпкердің бастамашылығымен өзгеруіне байланысты;
• кәсіпкердің кредит міндеттемелерін бұзу себебіне байланысты өндіріліп алынатын комиссия, алымдар және/немесе өзге төлемдерден басқа.

-Кәсіпкер жобаға өз қаражатымен қатысуы тиіс пе және қандай мөлшерде қатысуы тиіс?
– Кәсіпкер жобаның жалпы іске асырылу құнының 15%-нан төмен болмайтын деңгейде өз қаражатымен (ақшалай) немесе 25%-нан кем болмайтын мөлшерде мүлік түрінде жобаның іске асырылуына қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.

– Егер жаңа жобаға кредит берілетін болса, онда Кәсіпкер субсидия алуы үшін қайда өтініш жасауы қажет?
-Субсидия беру механизмі мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Кәсіпкер жаңа кредит алу үшін немесе қолданыстағы кредит бойынша субсидия алу ниеті туралы және де субсидиялау мақұлданған жағдайда кредит сыйақысының мөлшерлемесін төмендету туралы банкке өтініш жасайды;
2. Банк кредит беру/ кредит сыйақысының мөлшерлемесін төмендету туралы оң шешім шығарған жағдайда, Кәсіпкер жергілікті деңгейдегі жергілікті атқару органына (ЖАО) яғни Үйлестірушіге (Әкімдік жанындағы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына) өтініш етеді;
3. ЖАО барлық құжат пен ақпаратты алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жобаны Аймақтық үйлестіру кеңесінің (АҮК) қарастыруына шығарады.
4. АҮК субсидиялаудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды, сосын АҮК отырысы өткізілген күннен бастап, 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделінеді, және хаттамада жобасы мақұлданбаған жекелеген Кәсіпкерлердің қатыстырылмау себептері міндетті түрде көрсетілуі тиіс;
5. ЖАО АҮК хаттамасы әзірленгеннен кейін мақұлданған жобалар тізбесін 2 (екі) жұмыс күні ішінде:
• Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне – ЭДСМ-ге (мақұлданған жобалардың Бағдарламаның критерийлеріне сәйкестігін тексеру үшін);
• Банктерге және «Даму» Қорына (Кәсіпкермен Субсидиялау шартын жасасу жөніндегі дайындық іс-шараларын өткізу үшін);
6. ЭДСМ АҮК хаттамасы мен Кәсіпкерлер бойынша (мақұлданған/бас тартылған) құжаттар пакетін алған кезден бастап, 10 (он) жұмыс күні ішінде жекелеген жобаларды бекітеді я болмаса оларды құптамайды және қабылданған шешімді ЖАО назарларына жеткізеді;
7. Жергілікті деңгейдегі ЖАО Кәсіпкер жобасының бекітілгені жайлы ЭДСМ-нен хат алғаннан кейін жобалары АҮК-мен я болмаса Уәкілетті органмен субсидиялануға мақұлданған немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, бас тартылған барлық Кәсіпкерлерді 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;
8. Банк Кәсіпкер жобасының бекітілгені жайлы ЭДСМ-нен хат алғаннан кейін Банк пен Кәсіпкер арасында Субсидиялау шарты жасалынады;
9. Субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін, Банк пен Кәсіпкердің қолы қойылған Субсидиялау шартының түпнұсқасын қарастыруы және қол қоюы үшін «Даму» Қорына ұсынады;
10. Жергілікті деңгейдегі ЖАО ЭДСМ-нен хат алғаннан кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде «Даму» Қорынан субсидия сомасын есептей отырып, 1 (бір) тоқсан ішінде Банкке төлеуге жеткілікті ақшалай қаражатты аударуға өтінім сұратады;
11. «Даму» Қоры жергілікті деңгейдегі ЖАО-нан сауал хат алғаннан кейін Кәсіпкердің кредиті бойынша Банкке 1 (бір) тоқсан ішінде төленуі тиіс субсидия сомасын есептеп, содан кейін Өтінім қалыптастырады және оны жергілікті деңгейдегі ЖАО-на жолдайды;
12. кейіннен «Даму» Қоры сәйкес тоқсан уақыты өткенге дейін, қаражатты келесі тоқсанда Банкке субсидия төлеуге аудару үшін Өтінімді 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімге жергілікті деңгейдегі ЖАО-ға жолдайды, жергілікті деңгейдегі ЖАО қаражатты Өтінімде көрсетілген деректер бойынша «Даму» Қорының шотына аударуды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;
13. «Даму» Қоры Кәсіпкер өзінің кредит бойынша сыйақы бөлігін төлегеннен кейін, Кәсіпкердің қарыз сыйақысы (мүддесі) бойынша шығыстарының орнын толтыру үшін, қаражатты айсайын Банкке аударып отырады;
14. Егер Кәсіпкер субсидияланатын қарызын айсайынғы өтеу төлемін төлемеген жағдайда, онда «Даму» Қоры да сол айда төленуі тиіс субсидия сомасын төлемейді.

– Қандай жағдайда жаңа жобалар бойынша субсидиялау тоқтатылуы мүмкін?
-Қаржы агенті:
• субсидияланатын кредиттің мақсатсыз пайдаланылуы;
• Кәсіпкердің Банктік қарыз шартына сәйкес төлем кестесіне сай Банк алдындағы төлемдерін төлеу жөніндегі міндеттемелерін 3 (үш) ай бойы орындамау фактілері анықталған жағдайда, Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтататуға құқығы бар.
Субсидиялауды тоқтату немесе қайта жаңғырту туралы ақырғы шешімді Қаржы агенті және/немесе Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі Үйлестірушісінің өтініші (хабарламасы) негізінде тек уәкілетті орган ғана қабылдайды.

– «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының бірінші бағыты: «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» аясында ішінара кепілдік алу шарттары қандай?
-Кепілдік беру ішінара болып табылады және кепілдік шарты кредит сомасының 50% аспауы шарт, яғни бір Өтініш берушіге 1,5 млрд теңгеден аспайтындай болуы қажет. Қор кепілдігін беру Өтініш берушінің кредит шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуының қамтамасыз етілуі жөнінде Қор, Банк және Өтініш беруші арасында үшжақты Кепілдік шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады. «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» атты Бағдарламаның бірінші бағыты аясында Банктер беретін кредит бойынша ішінара кепілдік берудің басты шарттарына мыналар жатады:
1. инвестициялық жобаларды іске асыру үшін және өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған жобалар бойынша жаңа кредиттер сегменті;
2. кепілдік берілетін кредит сомасы –1 қарыз алушыға кемінде 3 млрд теңге;
3. кепілдік беру мерзімі 10 жылдан аспауы тиіс;
4. өз қаражатымен қатысу – жобаның жалпы іске асырылу құнының 15%-нан төмен емес мөлшерде ақшалай немесе 25%-нан кем болмайтын мөлшерде мүлік түрінде жобаның іске асырылуына қатысуын қамтамасыз етуі тиіс;
5.Кепілдік мөлшері кредит сомасының 50% аспауы тиіс.

Жалғасы бар.

Парақшамызға жазылыңыз

2 Comments

  1. саламатсыздар мен багдарламанын агроонеркасип жагынан катысу ушин каида усынсыды калдырсам болады

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар