/

БАЯН-ӨЛГИЙ АЙМАҒЫ – БҰЗЫЛМАҒАН ҚАЙМАҒЫ

21667 рет қаралды
28

Моңғолияның қазақ ұлттық Баян-Өлгий аймағының құрылғанына 70 жыл

bayan olgiy karta Моңғолияның қазақ ұлттық аймағы – Баян-Өлгийдiң 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Қазақ шаңырағынан жырақ – алыс бiр ауылда жеке отау көтерген баянөлгийлiктер үшiн осы бiр қара шаңырақтың маңызы мен мәнi ерек. 1940 жылы Баян-Өлгий аймағы ұлттық статусын алған кезде ондағы қазақтардың саны 30 мыңның айналасында болыпты. Ал, 1991 жылы Моңғолиядан Қазақстанға көш басталғанда қазақтың саны еселеп өсiп, 200 мыңға жуықтаған. Демек, Баян-Өлгий аймағы қазақтардың алтын бесiгi, құт ұясы болғандығы осыдан-ақ айқын көрiнiп тұр.

Тарихи деректердi сөйлетсек, Моңғолияға қазақтар алғаш 1860 жылдары, яғни Ресей мен Қытай империясы қазақ жерiн бөлшектеп, алғаш шекара бағанын қадай бастаған тұста, Моңғолияның Маньчжурияның бұғауынан босап жеке шаңырақ құруға ұмтылған кезеңiнде қоныс аударған екен. Моңғолия мен Қытай арасындағы шекара 1930 жылдарға дейiн ашық болғаны белгiлi. Осы уақытта мал жағдайына орай Алтайдың күңгейi мен терiскейiне көшiп-қонып жүрген қазақтың бiр бөлiгi Моңғол билеушiсiнен арнайы жер сұрап, Алтайдың арғы бетiнде қонақтап қалған делiнедi.
Баян-Өлгий аймағы саяси-әкiмшiлiк бағыныштылығы жағынан Моңғолияға тиесiлi болғанымен, осы 70 жыл iшiнде ондағы идеология қазақы идеология болды. Қазақтың жырақта тiгiлген жеке отауындай күй кештi. Алыс шетелдегi дәл осындай өзгеше құрылыммен жасақталған, жеке мәдени автономиясын құрған қазақтар бiрден-бiр деп айтуға болады.
Кейде маркстiк-лениндiк коммунизмнiң қазаққа бергенiн де жоққа шығармау керек сияқты. Олай дейтiнiмiз, Моңғолиядағы азғана қазақтың өсiп-өркендеуiне, өзiнiң дара ұлттық мәдениетiн жасақтауына бiрден-бiр септiгiн тигiзген осы маркстiк-лениндiк ұлт саясаты. Сол жылдардағы ұлттардың өзiн-өзi басқару идеясы 40 мыңға толмайтын қазақтардың жеке ұлттық аймақ құруына мүмкiндiк тудырды.
1940 жылы тамыз айында 20 киiз үймен алғашқы құрылтайы болып өткен. Осы құрылтайда Қазақтың ұлттық Баян-Өлгий аймағын құру туралы Қаулы қабылданып, оның басшысы ретiнде Бежеұлы Қабиды сайлау туралы шешiм шыққан. Баян-Өлгий аймағы жасақталғанда, 10 аудан (сұмын), 56 ауылдан (бақ) тұрған екен. Бұнда 7063 отбасы, 32 мыңнан астам адам, 9 миллионнан астам малы болған екен.
Осы кезеңнен бастап, Баян-Өлгий аймағына Қазақстаннан арнайы мамандар келiп, әр саланың көркеюiне, дамуына өз үлесiн қосты. Әр ауылда жаңадан сауат ашу мектептерi ашылып, ұлттық газет-журналдар шыға бастады, ұлттық баспахана салынды, ұлттық музыкалық драма театр ашылып, алғаш 40 адамнан құралған ұлт аспаптар оркестрi құрылды. Осы кезде Қазақстаннан Абай Қасымов, Шәрiп Өтепов секiлдi саяси қайраткерлер келсе, Алдаберген Мырзабеков, Хабиболла Тастанов секiлдi өнер қайраткерлерi қазақ ұлттық театрының шаңырағын тiктеуге ат салысты. Ал, Төлеубай Қордабаев, Тiлеубердi Сауранбаев секiлдi оқу-ағарту саласының мамандары әр ауылда мектеп ашуға кiрiстi. Тағы бiр айта кетерлiгi – мектептердегi оқу-ағарту iсi, идеологиялық iс-шаралардың барлығы Қазақстанның бағдарламасымен жүргiзiлiп отырды. 1990 жылға дейiн Қазақстанда жарық көретiн мерзiмдi басылымдардың барлығы Баян-Өлгийге жеткiзiлiп тұрды. Оқулықтардың барлығын дерлiк Қазақстаннан алатынбыз. Тек қана Моңғолияның жағрапиясы мен тарихын, әдебиетiн моңғол тiлiнен қазақ тiлiне аударып шығаратыны есiмiзде. Бастауыш сыныпта оқып жүргенiмiзде, бiз “Балдырған” журналы мен “Қазақстан пионерi” газетiн, “Пионер” журналдарын тапсырып оқитын едiк. “Балдырған” журналының iшiнде “Балдырғанның кiтапханасы” сериясымен “Қазақстанға” қатысты кiтапшаларды арнайы қиып алып, жаттап жүретiнбiз. Сонда “Қазақстан жалауы” атты өлең есiмде қалыпты.
Бiз өзiмiздiң болашағымызды да, рухани әлеуетiмiздi де Қазақстанмен байланыстыратынбыз. Оның қасында тiлiн жақсы түсiне бермейтiн моңғолдармен ара-қатынасымыз тым етене бола қоймаған едi. 7-класта оқып жүргенiмде, саяси сабақ өткiзiп тұрған класс жетекшiм маған социалистiк мемлекеттердi жазып шығуды бұйырды. Тiзiмнiң ең басына – Кеңестер Одағын жаздым да, оның астына Қазақстанды жеке жазып қойдым. Сонда ұстазым:
– Жоқ, Қазақстан өз алдына жеке мемлекет емес, ол Кеңестер одағының құрамында, – деп өзi өшiрiп тастады. Көңiлiм бiр түрлi құлазып қалды. Бiз арқа сүйейтiн, сүйенiш көретiн Қазақстанның жеке мемлекет еместiгi көңiлiмдi бiразға дейiн су сепкендей басып тастаған едi.
Бiрде мектепте көңiлдi тапқыштар ойыны өткiзiлдi. Ойын қазақ тiлiне қатысты болды-ау деймiн. Оның сценариiн бастан-аяқ әкем жазып шыққан болатын. Сонда Расул Ғамзатовтың өлеңiнiң желiсiмен:
Қазақ тiлi тiл болудан қалса егер,
Жүрегiмдi суырып-ақ алыңдар.
Бұл сөзiмдi Ленинше ұғыңдар, – дей тiнi есiмде.
Бiз осындай қазақтың жарқын патриоты болып тәрбиелендiк. Оған себеп – Баян-Өлгийдегi ұлттық саясат.

БАЯН-ӨЛГИЙДЕГI ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРI
bayan-olgiy tauМоңғолияның ең алғашқы мектептерiнiң де тарихы осы кезеңмен тұспа-тұс келедi. Алғашқы мектептер аймақ орталығы секiлдi киiз үйлерде ұйымдастырылыпты. Менiң әкем Баян-Өлгий аймағының Баяннур ауылындағы мектептiң 2 киiз үймен ашылғандығы жайында айтады. Алғашқы ұстаздары Қазақстаннан арнайы жiберiлген маман Тiлеубердi Сауранбаев деген кiсi болыпты. Бүгiнде Алматыда Түркiсiб ауданында Сауранбаевтың атында көше бар. 1991 жылы Қазақстанға алғашқы көш легi ағылғанда Баян-Өлгийде 36 қазақ мектебi бар едi. Осы мектептерде жыл сайын 30 мыңнан астам оқушы бiлiм алатын. Сол жылдары бүкiл Баян-Өлгийде моңғол тiлiнде бiлiм беретiн бiр ғана мектеп бар едi. Кейбiр ауылдарда мектептер аралас тiлде бiлiм беретiн.
1991 жылы Өлгий қаласында қазақ колледжi ашылды. Онда бастауыш сынып мұғалiмдерi даярланады. 2001 жылдан берi Баян-Өлгий аймағында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетiнiң филиалы жұмыс iстейдi. Онда баянөлгийлiк қандастарымыз екi жыл бiлiм алады да, қалған екi жылын Өскеменде жалғастыратын болады. Мұнда орыс филологиясы, информатика, есеп және аудит, қазақ филологиясы мамандықтары бойынша 4 факультет бар. Демек, осы филиал арқылы көптеген қазақтар балаларының Қазақстанда бiлiм алуын қамтамасыз ете алып отыр әрi олардың келешегiн атажұртпен байланыстыруға таптырмас мүмкiндiк жасалған. Жергiлiктi бiлiм басқармасының бастығы Тоқтархан Төлеубайұлының айтуы бойынша, 2004-2005 оқу жылында 1500-дей бала мектеп бiтiрсе, соның 20%-ы Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға мүмкiндiк алыпты.
Қазiр Баян-Өлгий аймағы бойынша 42 мектеп, 28 бала-бақша жұмыс iстейдi. Осы мектептiң бiреуi ғана моңғол тiлiнде дәрiс бередi, қалғандары қазақ мектептерi. Тоқтархан Төлеубайұлы осы мектептерде 24 мың баланың бiлiм алып жатқанын жеткiздi.

АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ
Бала күнiмiзден үй-iшiмiзбен кешкi сағат 9-ды асыға күтушi едiк. Өйткенi, дәл осы сағатта Баян-Өлгийдегi жалғыз электронды ақпарат құралы – бiр сағаттық радио эфирге шығатын. “Баян-Өлгийден сөйлеп тұрмыз” деген диктордың жағымды дауысы аймақтағы барлық қазақ атаулыны өзiне үйiрiп алатын. Бұл үрдiс бүгiнге дейiн жалғасын тауып келедi. 1965 жылы әуелi күнiне 15, кейiн 30 минуттық хабар таратыла бастаған. Қазiр 1 сағаттық эфирiн бермей келедi. Осы радио қазақ өнерiнiң алтын кенiн сақтап келе жатқан бiрден-бiр алтын қор. Бұл жерде көне сарындағы сыбызғы және домбыра күйлерiнiң сан мыңдаған қорларын тауып алуға болады. Әсiресе, Қазақстанда ұмыт болып, қайта жаңғыра бастаған сыбызғы күйлерiнiң неше атасын осыннан естисiз. Баян-Өлгий радиосының күн сайын эфирден түспеуiне Моңғол үкiметi кепiлдiк берiп отыр. Олай дейтiнiмiз, бұл Моңғолияда мемлекет тарапынан қаржыландырылатын жалғыз ақпарат құралы.
Радиомен қатар, Ақпарат орталығында “Жаңа дәуiр” газетi мен “Шұғыла” журналы шығып тұрады. “Жаңа дәуiр” 24 бетпен айына бiр рет, “Шұғыла” журналы 4 баспа табақ көлеммен үш айда бiр жарық көредi. Бiр-екi жылдан берi осы ақпарат орталығы жанынан “Өлгий” телеарнасы ашылды. Бұл телеарна аптасына екi рет екi сағат хабар таратады. Бұл телеарна тек аймақ орталығы Өлгий қаласына ғана көрсетiледi. Баян-Өлгийге қазақ газеттерi мен журналдары келмейдi. Олардың көз қуанышы болып отырғаны тек қазақстандық телеарналар. Эфирiнiң 50%-дан астамын орыстiлдi бағдарламалар иеленетiн қазақ телеарналарының барлығы дерлiк мұнда спутник арқылы көрсетiледi екен. Сондай-ақ, 24 сағат қазақша сөйлейтiн Үрiмжi телеарнасын да тамашалай алады. Алайда, Үрiмжi телеарнасының төл туындылары тым аз, көбi қытай тiлiндегi хабарлардың аудармасы екен. Мұнда қытай идеологиясы жүрiлiп жатқандығының куәсi болдық. Бұл телеарналар Өлгий қаласының тұрғындары мен Баян-Өлгиймен жапсарлас бiрнеше ауылдың көзайымына айналып отырғандығы мәлiм. Ал, алыс ауылдарда мұның бiрi де жоқ, яғни халық ақпараттық вакуумде тiрлiк етедi десек те болады. Баян-Өлгийдегi қазақтардың тең жарымы сол алыс ауылдарда тұрады.

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ
Моңғолияда қазақ көркем әдебиетi Ақыт Үлiмжiұлы шығармаларынан бастау алады. Филология ғылымдарының докторы Қабидаш Қалиасқарұлының айтуынша, Ақыт туындылары мұсылман дiнiн, оның шариғаттарын кеңiнен дәрiптеп, насихаттай отырып, өз халқының бастан кешiрген тағдыр-талайын да молынан қамтиды. А.Үлiмжiұлынан кейiнгi көркем әдебиеттегi үлкен тұлға – Ақтан Бабиұлының шығармалары 1916 жылдардан бастап өмiрге келдi. Моңғолия қазақтарының көркем әдебиетiнiң жаңа кезеңi 1940 жылдан басталды. 1942 жылы Баян-Өлгий ақын-жазушыларының тұңғыш жыр-жинағы “Өлеңдер” деген атпен басылды. Осы жылдан бастап көркем әдебиет кiтаптарын басып шығару iсi 1991 жылға дейiн қарқынды жүрдi. Мәселен, тек Ақтан ақын шығармалары 6 рет қайталап басылды. Оның соңғы 39 баспа табақ жинағы 2500 данамен 1987 жылы оқырманға жол табады. Арғынбай Жұмажанұлының алғашқы жинағы “Тақпақтар” деген атпен 1949 жылы Ұланбатыр қаласында жарық көрдi. Даниял Дiкейұлы “Жетiлген жетiм”, “Таң алдында”, “Солдат сөзi”, “Алтай аясында” секiлдi поэмаларын жазды. Жалпы Моңғолия қазақтарының жазба поэзиясының дамуына зор үлес қосқан қаламгерлер: Имашхан Байбатырұлы, Шабдарбай Қатшанұлы, Дайын Қалаубайұлы, Байыт Жанатұлы, И.Жәбенұлы, Кәп Құмарұлы, Егеухан Мұқамадиқызы, Қауия Арысбайұлы, Яки Iлиясұлы, Кәкей Жаңжұңұлы, Зуқай Шарiпақынұлы, Шынай Рахметұлы, Кеңес Iлиясұлы, Тойлыбай Құрмандолдаұлы, Қ.Бодаухан, Солдатхан Орайханұлы, Қуанған Жұмажанұлы, Зүлкафил Мәулiтұлы, Мұ рат Бұшатайұлы, Ә.Дәулетхан, Рысбек Зұрғанбайұлы т.б.
Моңғолия қазақтарының көркем әдебиетiнiң проза саласы Қ.Мұқамадиұлының 1955 жылы жазылған “Алғашқы қадам”, “Жұрт ала ма, жұт ала ма?” қатарлы көркем әңгiмелерiнен бастау алады. Ол Махфуз Құлыбекұлының “Мұралық”, “Көк лақтың құпиясы” әңгiмелерi, “Қызыл қайың хикаясы” повесi арқылы жалғасын тапты. Шерияздан Нығышұлының “Күдiрлi керуен” повесi қазақ және моңғол тiлiнде жарық көрдi. Ақын Алақанұлы “Менiң анам”, “Егiншiнiң баласы”, “Ананың ақ тiлегi” секiлдi прозалық шығармаларын жазды. Алғашқы роман – Елеусiз Мұқамадиұлының “Қобда қойнауында” атты шығармасы. Одан кейiн Шабдарбай Қатшанұлы “Жырақта қалған жылдар”, “Өз қолымен”, Мағауия Сұлтанияұлы “Ұрпақ тағдыры”, Iсләм Қабышұлы “Ұрпағың үзiлмесiн”, Жамлиха Шалұлы “Үлкен үй”, Қауия Арысбайұлы “Жиекте”, Сейiтхан Әбiлқасымұлы “Қара боран”, Сұлтан Тәукейұлы “Мұнар таулар” романдарын жазды. Бұл қазақ әдеби тiлiнiң көркем әдебиет саласындағы дамуының нақты дәлелi. Моңғолия қазақтарының 5 томдық фольклорлық шығармалар жинағы Қ.Қалиасқарұлы, С.Қажыбайұлдарының құрастыруымен жарық көрдi.
Көркем әдебиеттiң өрiс-кеңiстiгiнiң ұлғаюына байланысты 1970 жылға дейiн 14 жыл қызмет iстеп келген “Әдебиет үйiрмесi” үлкейтiлiп, Моңғолия Жазушылар Одағының (МЖО) Баян-Өлгий аймақтық қазақ бөлiмi болып құрылды. Сондай-ақ бөлiм жанынан “Көркем сөз” клубы ашылды. Ал “Жаңа талап” журналы өзiне жүктелген мiндеттi орындап шықты деп көрiп, ол “Шұғыла” журналы болып өзгертiлiп, МЖО-ның Баян-Өлгий аймақтық бөлiмiнiң қазақ әдеби журналы болды.

МӘДЕНИЕТ
bayan-olgiy burkit1956 жылы Баян-Өлгийде Музыкалық драма театр ашылып, 1957 жылы 40 адамнан тұратын ұлт-аспаптар оркестрi құрылды. Бұндай игi iстiң басында тағы да Қазақстаннан келген мамандар болды. Соның бiрi – Алдаберген Мырзабеков. Алғашқы ұлт аспаптар оркестрiн құрып, тұңғыш дирижерлiк жасаған адам – Моңғолияның еңбек сiңiрген қайраткерi Қабыкей Ахмерұлы. Қабыкей Ахмерұлы 30 күйдiң авторы, 120 халық күйiн жинап, нотаға түсiрген, 350 халық әнiн жинап, нотаға түсiрiп iрi жинақ етiп шығарған. Қабыкей ақсақал бүгiнде Алматы облысының Алакөл ауданы Қабанбай ауылында тұрады. Шетте жүрiп қазақ өнерiн көркейту үшiн жасаған ересен еңбегi еленбей, 90-ның төрiне жақындады.
Бүгiнде Өлгий орталығында Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театры ғимаратының үлгiсiмен салынған үлкен театр бар. Алайда, ғимараты iрi болғанымен, ондағы жағдай тым мәз емес көрiнедi. Бүгiнде театрдың ұлт-аспаптар оркестiрiнде 9-ақ адам бар. Сондай-ақ, театр әртiстерiнiң құрамы да шамалы, материалдық-техникалық база да ескiрген.
Баян-Өлгийдiң қол жеткiзген ең iрi табысы – телекоммуникациялардың дамуы. Бiрiншiден, мұнда интернет арзан әрi оңай қосылады екен. Егер, сiз бiздегi мегалайн-хит секiлдi тарифке қосылсаңыз, айына 2000 теңге абоненттiк төлем төлеп тұрады екенсiз. Әрi қосылғаныңыз үшiн модем тегiн сыйға тартылады. Екiншiден, ұялы телефон байланысы, қалааралық телефонмен сөйлесу тым арзанға түседi.

ТҮЙIН:
bayan-olgiy kisi1991 жылы Баян-Өлгийден Қазақстанға көш ағылғанда, баянөлгийлiк ақын Мұрат Пұшатайұлы “Ел көшкенде” деген өлең шығарған едi. Осы өлеңде:
“Керей, Уақ, Найманым,
Бұзылмаған қаймағың,
Қайда тастап барасың,
Баян-Өлгий аймағын” деген жолдар бар.
Дегенмен, соңғы жылдардағы рухани жұтаңдық, Қазақстаннан баратын газет-журналдардың тоқтап тұруы, баспахана iсiнiң жолға қойылмауы, мектептердегi бiлiмнiң Моңғолияның бiлiм стандарттарына сәйкестендiрiлуi, ондағы азғана қазақтың бiртiндеп ассимиляцияға ұшырауына жағдай жасап отырғандай. Ендi он жылдан кейiн “қаймағы бұзылмаған” қазақы тiрлiк онда да қалмайтын секiлдi.
Кеңестiк Қызыл империяның уысында отырса да, Қазақстан өткен ғасырдың 40-80 жылдары жырақтағы отауын жадынан әсте шығарып көрмеген едi. Өкiнiштiсi сол, Қазақ елi өз алдына жеке дербес мемлекет болғаннан берi, шетте жүрген бауырларына көз қырын салуды ұмытып кеткендей. Алғаш Баян-Өлгий аймағы құрылған кездегiдей рухани көмекке баянөлгийлiктер қазiр де зәру. Алайда, оған құлықтылықты байқай алмай отырмыз.
Есенгүл Кәпқызы, «Түркістан» газетінен

Парақшамызға жазылыңыз

28 Comments

  1. Ендi он жылдан кейiн “қаймағы бұзылмаған” қазақи тiрлiк онда да қалмайтын секiлдi. Осыған қосыламыз.

      • 10жыл -өтсін 100жыл өтсін қазақтың қаймағы бұзылмайды қазақи тірлік ондада қала бермек

  2. Ата жұртымыз Қазақияда қазақттықтың беті жыртылып, берекесі кеттіп бара жатқанда, жат жұртағы ағайнның болашығына не айталасың?! Қайран қазақ қор болдың – тарыдай шашылып, борыдай үгіліп! АХ!

  3. Жарадың Еска ! Өлгейдің кітапханасы есіңде ме? Дәл соған барып Өлгейдің тарыхын оқығандай болдым . Білгеніңді үзбей жазып тұр. 9-дың хабарын салып қойсаң тіпті оңды болар еді! Анау Sonin.mn- нен қарап , тыңдап тұрамын. Біздің жас кезіміздегі әндерді салып қойған. Тамаша, сенде солай істесей! қатып кетер еді “Носталгия ” Ал мына мақалаңа рахмет” Қаламыңның жүзі мұқалмасын !

  4. Bayan-Ulgii de askery baza ornadi, 500 kisilik. Olar terror Bayan-Ulgiiden shigadi dep oilaidi. Kazakhstan Mongoliamen shart jasau kerek. Kandastarimzidi korgau ushin

  5. Қой бауырым қайдағыны айтпай! Нi- қайдансың Өлгейден болсаң айт сөйлесейік!?

  6. Баян -өлгей – қаймағы бұзылмаған қазақы тирлик мекені. Бұл мекеннен алыс оссек те, туған жер топырагы әрдйым ыстык! Жақсы материал, өте!!!

  7. Салем Қарт Өлгей, Менің айтарым: Өсебер-Өсебер. Алла жазса өзіңнің қасиетті топырағыңды басармыз санда жатсынба өзіңнің балаңды, СҮЙЕМ СЕНІ ТҮҒАН ЖЕР КІНДІГІМДІ ҚИҒАН ЖЕР!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  8. Азаматтар, Байөлгей ертеңі сендердің қолдарыңда! Туған жерге туың тік дегенді халқым бекер айтпаған. сол үшін әр қайсымыз оның гүлденуіне өз үлесімізді қосуымыз керек. біздің жоқшымыз Байөлгей! осыны еш қашан ұмытпаңдар. бай өлгеймен байланысты үзбеңдер. қолдарыңнан не келеді әр кім шамасынша көмек қолын созсын. Өмірбек түңілме, елге барып біраз жүріп қайт, соның өзі сеп.

  9. Жақсы жазылыпты,бірақ, кейбір деректерде қате бар сияқты.Мысалы, мектеп алғаш рет Улаан хус немесе Қызыл қайың сұмынында орнаған.М.Зайсанов деген мұғалім келіп алғаш сабақ бергендіктен әлі сол адамның атында.Байөлке қазақтары ешқашан монғолдарға бас имейді,олар баспайды да қорықпаңыздар!

  10. ulaanhusta mektep ashilgani ras.birah Zaisanob ol mugalim bolgan joh ol sogiis kezinde jetim halgan oros bala ulaanhustih bir ahsahaldin uinde oskengoi.keinnen ushxish bolip tauishan.hasxirdin balasin hansha asirasanda tauga harap ulidinin keri bolip keinnen ol bilai degen eken.eger magan bir bomba berse men dal mongolianin ustinen tastar edim degen eken,sol sumraidin atin halai bergenine tanim bar. men ozim sol ulaanhustan tauissamda zaisanobtin atin bergenine ali kunge narazimin.kazahtan shixxan talai uli uldar boldi goi.mongoldar ken holtih halih.dal sol oris emes hazah at berse de bolar edi au shamasi.tugan el tugan jerdi sogip jamandai kormender kazagim. mongol olda senin halhin. biz ekei otanimiz bar bahitti halihpiz. dunieni ken bashan.

    • Senin ahilin taiaz eken Zaisanovti oris dep sagan hai aken aitti. Ol kazakh Kazakhtin holinda kazakhtin hara baursagin jep osken Kazakh. Bile bilsen ol Hizil hainga kep hongan algashhi ushhish. Jane ol taza kazakh. Jalgiz batrindi jamandap sen ne ozinnin atindi bermeksin be so mektepke tauipsin ahildi sorli

  11. janede aita keter bayan ulgii haimagi buzilmagan irisi jarashan jer bolgani ras. dal hazir sol kunin it jep ketti.bayan ulgiide ne halin hanisher jauiz halin,bir kedeidin auzinan jirip kwota jegen aldap sogar aylaker halin,buginmen kunin otkizgen jas ospirim halin,mongoliada bolmagan handai bir kerek bayan ulgiiden shgad,alahanday alhaptin hanisherimen militsyasi birigip mapya bolip ketkenge uhsamaima.asip ketsen kore almai,jetpei jatsan basha teuer hazah halin birinin etin biri jegen.bari jalmauiz…………..keingi bir neshe ayda alahanday Bayan ulgiiden adamnin jani turshgar kerek bas shashinan asip ketti. haimagi buzilmagan kazah sol ma.akeni baladan,balani anadan,jalgzdi tubimen jalmagan hanisherge toli.jarasti kinip jairandap jursen janinnan haigi bolasin.alahandai tugan jerge at basin burar bolsan janina jaili dos tabu hiin.uzengiden ayagindi alar bolsan shilbirindi bailar jelige de senu hiin ol jahta.abailap jur kazagim.kapirden emes kazaktan horhar zaman boldi bul.dal aimah ushin

  12. Көп қорқытады, терең батырады деген халық даналығыю Қобда қазақтарының көптеп Атамекенге көшуі қалған қазақтың елқатарлы бой түзеу мүмкіндігін әлсіретті. “Ит жоқ жерде шошқа .реді қорада” демекші елағасы тұтқалар көшті басқа жақтарға және о дүниеге. Халық антарылып қалды.
    Енді “дүниекезек” заңымен жергілікті ұраңқайлар бас көтеріп қазақтарды қыспаққа алды. оның нақты айғағы жергілікті қауіпсіздің қызметінде істейтін үш жігіттің бүкіл елге салған лаңы елді үркітті. Өлгийдегі моңғол мейрамханаларына еркін кіре алмайтын қалге жеткен (бірақ, жасырады. өйткені ұялады бәлкім қорқады). Заңды белінен басқан ұраңқайлар қазірге биліктегі демократ (оларды Ресей құпия қызметі өсіріп “қолшоқпар” еткендігі туралы мойындатып жазды моуңғол ақпарат құралдары) Елбасы мен оның кеңесшісі экс-қаржы министрі қазақтарға қарсы ұйымдасқан топ ретінде әбжіл әрекет етуде. Бүкіл майлы жілік пен билік тіптен көлемді тендердерді қазақтарға татырмайды. Соңғы уақытта қазақтар әлеуметтк жағынан құлдырауда. Білім беру де ақсаған, денсаулық сақтау тұралаған (бұрын да келіспеген еді). Радиосын тыңдаңыз моңғолдануды бірден байқайсыз (бұл жағынан Қытайдағы қазақтарға күлетін жерлері жоқ). Эфирдегі уақыттың жартысы моңғол тілінде беріледі қазақ радиосының ? Осы мәселені Қазақстан тарапынан арнайы зерттелуі сарапталуы талқылануы және алдағы Құрылтайда күн тәртібіне қойылуы қажет. Әр нәрсе тек ұлттық топырақта ғана гүлдейді дегенді осыдан ғана байқайсыз ба деймін

  13. керемет осы макаланы байолке сом окыдым мен байолгейл1ктерд1 разы болып журсем бар1б1р 1шк1халык б1рт1ндеп жеп келе жатыр ден1з казактарды ,ия зиялы кауым кеткес1н солай шыгар, б1рак мен1н байкаганым
    массаган сом баянолгиил1ктер казаки т1л1 ерекше бай казактарда орыстанып бара жатыр мен1мше еш озгешел1к жок енд1 бр 70жыл емес 80 жыл орысекеммен болганымызда туг1м1з калмайды екн кудай сактапты АЛЛА ЖАРказакел1ме

  14. shirkin menin bir armanym bar ol osy mongolyadagy bar kazaxty sol zherimen malymen kazaxstan kartasyna engizse keremet bolar edi..yagni Bayan-olgei kazaxstan memeleketinin bir obylysy bolip kalar edi…arine bul oryndalmas arman birah dese de keudegi bir armanym ol menin dostar….

    • menin de armanim bul birah orindalmaitin arman joh buda bolar Kazakhtin ules salmagi arta berse

    • …..Иа Баха рас айтасын бірақ орындалмайтын арман.Кезінде ұлы Оспан Батырымыз мемлекет құрмақ болды бірақ Қызыл империямен,Қытай елі бірігіп жүріп ұстап Үрімжіде 1951 жылы ел алдында дарға асты ғой.

  15. Баян Өлгий қазақтары өте ұлтшыл. Соның арқасында олар аман есен моңғол болып кетпей отыр. осы қалыпын сақтап қалу үшін байлығын шетке шашып, ағызып жатқан Қазақстан оларға қол ұшын беру керек. Қарым-қатынасты ұлғайту керек. Рухани байланыс күшеймесе қазір моңғолдарда шамасынша сіңіріп алу саясатын қолданып жатқан көрінеді.

  16. мен армандаймын әке-шешем туысым қалғандықтан туған жеріме қазақстан мен өлгей 2 ортасында шекера жоқ болса ғой. мына мақала өте жақсы. содан айтарым бізден қайдан терор шығады Hi. әбден еріккенің сөзін жазыпсың. біз монғаля қазақтары мықты екенімізді қазақстан және басқа елдің қазақтарына мойындату керек.

  17. Алыстардардан тауларын көрінеді, Еркін өскен ұлың ем өзіңдегі. Қарт Алтайдың таулары қуат беріп. Қара балан өзінде өскен еді. Сол бала бүгін ақсақал болып, Бай-Өлкесін сағынып жүр. Сагыныштын бұлы серпіліп, мақаланы оқып Бай-өлкенің аспанын бір самғағандай болдым.

  18. Мақаланы жазушы сіз көп еңбектенгенсіз көп мәлімет беріп отырсыз бір-ак сіздің Бiр-екi жылдан берi осы ақпарат орталығы жанынан “Өлгий” телеарнасы ашылды. Бұл телеарна аптасына екi рет екi сағат хабар таратады. деген жерініз аздап қарнымды ашырды. Баян-Өлгейдегі теле арна 1995 жылдардан бері хабарын тарататын. Есіңіздеме жаналықтардың соңынан шет елдік киноларын беретінін сол кезді асыға күтетінбіз!

  19. Иа рас айтасыздар Баян-Өлгий аймағы нағыз қаймағы бұзылмаған Абақ Керейлердің отаны десе де болады.Мен өзімді осы аймақтың Бұлғын сумынында дүниеге келгеніме мақтан тұтамын.”Анам келін боп түскен жер,әкем күйеу болып түскен жер,менің кіндік қаным тамған жер”мен арқашан туған жерімді мәңгілік жырлап өтем.

  20. Қай сала болсада алып кете алатын ойы ұшқыр,талабы кең,дарыны мол,ақындық,шешендік өнерге жақын Моңғолия қазақтары өте талатты деп ойлаймын.Осы талабымыздың арқасында Құдайға щүкір Қазақстанда жаман өмір сүріп жатқан жоқпыз.

  21. Құрметті Редакция ұжымы мен Алматы обл нан хат жазып отырмын сіздерге бір мақала жіберейін деген едім 87752484248 осы номерге уатцап арқылы шықсаңыздар? Ұлан Тұрғанбекұлы

Нағашыбай жауап беру Жауап бермеу

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері